Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша мамандарды даярлау орталығы

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Қосымша білім беру факультеті  ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша мамандарды даярлау орталығының мәліметтері.

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Қосымша білім беру факультеті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша мамандарды даярлау орталығы (бұдан әрі – Орталық) Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 30.06.2023 жылғы № 527 бұйрығымен құрылған.

Орталық Алматы академиясы қосымша білім факультетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Орталықтың штат саны 5 бірлікті құрайды:

1. бастық – 1 бірлік;

2. аға оқытушы-әдіскер – 2 бірлік;

3. оқытушы-әдіскер – 2 бірлік.

Орталық бастығы полиция подполковнигі Мадияр Канатович Акылбаев

Аға оқытушы-әдіскері полиция подполковнигі  Мукагали Абдиганиевич Альжанов

Аға оқытушы-әдіскері полиция майоры  Айгерим Асылкуловна Ауелова

Оқытушы-әдіскері полиция майоры  Дінмухамед Унатбекович Алипбаев

Оқытушы-әдіскері полиция аға лейтенанты Венера Ерболатовна Мусина

Орталық Ішкі істер органдары қызметкерлеріне келесі санаттар бойынша біліктілікті арттыру курсттарын өткізеді, олар;

1. Қазақстан Республикасы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті қызметкерлері.

2. ПД (К) Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармаларының басшы құрамы,  бөлім бастықтары, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілдер, аға жедел уәкілдер, жедел уәкілдері.

3. Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, Қылмыстық атқару жүйесі департаменттерінің жедел бөлініс қызметкерлері.

4. Қалалық аудандық полиция басқармалары мен полиция бөлімдерінің  кәмелетке толмағандар жөніндегі аға инспекторлары, инспекторлары, аға жедел уәкілдер, жедел уәкілдеріне  біліктілікті арттыру курсттарын өткізеді.