Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы кәсіби даярлық факультетінің магистратурасына түсу ережесі 2016 жылдың 13 қаңтардағы №24 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға ішкі істер органдарындағы практикалық жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес ішкі істер органдарының қызметкерлері қабылданады.
Ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу «7М12301 – Құқық қорғау қызметі» және «7М12303 – Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл» білім беру бағдарламалары бойынша өтеді және «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі» дәрежесі беріледі. Оқу мерзімі – 2 жыл.
Магистратураға қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша өткізіледі. Білім беру күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.
Кадр қызметтері Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясына магистратураға оқуға кандидаттардың мынадай құжаттарын жолдайды:
Оқуға кандидаттардың келесі құжаттары қажет:
-кандидаттың жеке ісі (оқуға қабылданғанан кейін);
-кандидаттың оқу ісі, ол:
-оқуға кандидаттың еркін нысандағы баянаты;
-қызметтің соңғы кезеңі бойынша қызметтік мінездеме және аттестаттау парағы;
-іріктеу комиссиясының оқуға жіберу туралы хаттамасының көшірмесі;
-жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
-шет тілі бойынша тесттерді тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
-кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;
-өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр алты фотосурет;
-ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).
Қабылдау емтихандары:
- шет тілдері бойынша қабылдау емтихан (ағылшын, француз, неміс – таңдауы бойынша)
Шет тілдері бойынша түсу емтихандарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайтын шет тілдері бойынша түсу емтихандарын өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.
- ауызша емтихан (Алматы академиясында) алдынғы білім деңгейінің оқу бағдарламасы көлемінде;
Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтиханға шет тілінен кемінде 30 балл алған үміткерлер жіберіледі.
- сұхбаттасу.
Қабылдау емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.