Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы кәсіби даярлық факультетінің докторантурасына түсу ережесі 2016 жылдың 13 қаңтардағы №24 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен реттеледі.
Кәсіби даярлық факультетінің докторантурасына ғылыми-педагогикалық магистратураны бітірген (бейінді магистратураның түлектері педагогикалық бейіннің білім беру бағдарламаларын меңгергені туралы куәлігі болған жағдайда) және «7М12301, 7М12302 – Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша «ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі», «заң ғылымдарының магистрі» дәрежесі бар, құқық қорғау органдарындағы практикалық жұмыс өтілі бар немесе ғылыми-педагогикалық өтілі 3 жылдан кем емес ішкі істер органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері қабылданады.
Докторантураға оқуға түсу қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға жол берілмейді. Нормативтік оқу мерзімі үш жыл. Оқу нысаны күндізгі.
Докторантураға оқуға түсетін кандидаттары өз басшыларының атына (Ішкі істер министрінің орынбасарына, ПД, көліктегі ПД, ҚАЖД, ІІМ білім беру ұйымының басшысына) баянат жазады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің докторантурасына оқуға кандидаттарды іріктеу үшін, олардың қызмет атқаратын орыны бойынша іріктеу комиссиясы құрылады, бұл комиссия докторантураға оқуға кандидатты жіберу туралы шешімді қабылдайды.
Кадр саясаты басқармалары Академияның докторантурасына оқуға түсетін кандидаттардың келесі құжаттарын жолдайды:
Оқуға кандидаттардың келесі құжаттары қажет:
1) жеке ісі (оқуға қабылданғанан кейін);
2) оқу ісің , оған келесі құжаттар кіреді:
-оқуға кандидаттың еркін нысандағы баянаты;
-қызметтің соңғы кезеңі бойынша қызметтік мінездеме және аттестаттау парағы;
-іріктеу комиссиясының оқуға жіберу туралы хаттамасының көшірмесі;
-кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;
-жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
-білімі туралы құжаттың көшірмесі;
-өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр алты фотосурет;
-болжамды отандық немесе шетелдік ғылыми консультанттармен келісілген жоспарланған диссертациялық зерттеулер негіздемесі;
-шет тілі бойынша тесттерді тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
-ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса) .
Қабылдау емтихандары:
- шет тілдері бойынша қабылдау емтихан (ағылшын, француз, неміс – таңдауы бойынша)
Шет тілдері бойынша түсу емтихандарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайтын шет тілдері бойынша түсу емтихандарын өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.
- ауызша емтихан (Алматы академиясында) алдынғы білім деңгейінің оқу бағдарламасы көлемінде;
Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтиханға шет тілінен кемінде 30 балл алған үміткерлер жіберіледі.
- сұхбаттасу.
Қабылдау емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.