Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі- Кәсіпорын) 2025 жылғы 29 мамырдағы № 15-10-7-3-05/1415 хатына сәйкес, шет тілдерінен түсу емтиханына (бұдан әрі– түсу емтиханы) қатысуға өтініштерді қабылдау 2025 жылғы 1 маусымнан 25 шілдеге дейін жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының докторантурасына, ғылыми-педагогикалық магистратурасына түсуші үміткерлерге шет тілі бойынша түсу емтиханын ағымдағы жылдың 2-8 тамызы аралығында өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.
Түсу емтиханына өтініш қабылдау Кәсіпорынның https://app.testcenter.kz/ сайты арқылы жүзеге асырылады (нұсқаулық қазақ және орыс тілдерінде қосымша тіркеледі).
Түсу емтиханына қатысу құны 14 162 теңгені құрайтынын ескертеміз.
2025 жылы үміткерлер түсу емтиханына қатысу үшін өтінішті, Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының қабылдау комиссиясына жүгінбей, дербес (өз бетімен) береді.
Түсуші түсу емтиханына өтініш беру үшін:
- https://app.testcenter.kz/ сайтына кіріп интерфейс тілін таңдайды;
- өтініш беру жүйесіне электронды пошта арқылы тіркеледі (электронды поштаға келген хатта міндетті түрде электронды поштаны растау және электронды поштаға келген логин мен парольді тестілеуге кіргенге дейін өшірмеу қажет);
- түсушінің электронды поштасына жіберілген логин мен пароль арқылы авторизациядан өтеді;
- жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетіп іздеу батырмасын басады (А.Т.Ә. автоматты түрде шығады) және телефон нөмірін көрсетеді;
- «Өтініш беру» парақшасына өтіп, тестілеу форматын таңдайды (жоғары оқу орнынан кейінгі білім ® азаматтық емес ЖЖОКБҰ-ларға түсу емтиханы® шет тілдерінен түсу емтиханы (азаматтық емес ЖЖОКБҰ-лар үшін));
- өтінішті толтыру кезінде білім беру деңгейін, ЖЖОКБҰ, шет тілін тапсыру тілін, тест тапсыру қаласын өз қалауымен таңдайды;
- тестілеуді өткізу тәртібімен танысып, келісетінін растайды;
- төлем жасау әдісін таңдап, онлайн түрде тестілеуге төлемді жасайды. Тестілеуге қатысу үшін төлемді келесі тәсілдермен жүзеге асыруға болады:
– банк картасымен төлеу арқылы (банк картасымен төлеуді таңдаған кезде бағдарламада автоматты түрде төлем сайты ашылады);
– Kaspi.kz-пен төлеу арқылы (Kaspi.kz-пен төлеуді таңдаған кезде тапсырыс нөмірін қалыптастырып, QR-код немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы төлеу қажет). (Ескерту: Төлемді тапсырысты қалыптастырғаннан кейін 1 сағат
(60 минут) ішінде жасау керек,белгіленген уақытта жасамаған жағдайда, өтініш жойылады);
- барлық кезеңдерден сәтті өткеннен кейін «Сіздің өтінішіңіз қабылданды!» деген мәлімдеме шығады;
- өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін түсуші тестілеуді тапсыру күні, тапсыру уақыты мен мекенжайы туралы ақпаратпен жеке кабинетінде ағымдағы жылғы 30шілдеде таныса алады.
Берілген өтінішке өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, өтініштерді қабылдау базасы жабылғанға дейін (ағымдағы жылғы 25 шілде сағат 18:00-ге дейін) «Менің іс-әрекетім» бөліміндегі «Өтінішті өңдеу» батырмасын басып, тиісті өзгерістерді енгізіп, содан кейін «Өңдеу» батырмасын басу қажет.
Түсуші тестілеуге қатысудан бас тартқан жағдайда деректер базасы жабылғанға дейін жеке кабинетінен өзінің өтінішін өшіруі қажет (ағымдағы жылғы 25 шілде сағат 18:00-ге дейін).
Бұл ретте, тестілеу үшін төлем келесі құжаттарды:
1) тестілеу үшін төлемді қайтару туралы түсушіден өтінішті;
2) тестілеуге қатысуға арналған төлем туралы түбіртекті;
3) жеке куәліктің көшірмесін;
4) банк төлем картасының (алдыңғы жағы) көшірмесін;
5) банктің реквизиттерін көрсете отырып, 20 таңбалы есепшотын uto@testcenter.kz электрондық поштасына ұсынған кезде қайтарылады.
Тестілеу үшін төлем деректер базасы жабылғаннан кейін қайтарылмайды.
Тестілеуге негізделген себептер бойынша келмеген жағдайда (сырқаттанып қалу, жақын туысқанының қайтыс болуы) қаражатты қайтару үшін «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) нысан бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және (немесе) медициналық анықтаманы және (немесе) Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталынан үзіндіні не болмаса жақын туысының қайтыс болғанын растайтын және туыстық байланысты растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Барлық ұсынылған құжаттарда верификациялау үшін растайтын QR-код болуы тиіс (барлық анықтамалар сканерленеді және түпнұсқалығы тексеріледі).
Өзге анықтамаларды ұсынған жағдайда тестілеуге төленген төлемақы қайтарылмайды.
Рұқсат алмаған түсушілер шет тілдерінен түсу емтиханына жіберілмейтінін ескертеміз.
Барлық қосымша сұрақтар бойынша Ұлттық тестілеу орталығы – 8 (7172) 79- 98- 89 (ішкі номер 133, 134) және Алматы академиясы 8707-472-37-09, 8707-315-55-56; 8701 – 99 – 85 -77 телефондары арқылы хабарласуға болады.
Жоғарыда көрсетілген мәліметті, үміткерлерге хабарлауыңызды және тіркелген үміткерлердің тізімін Алматы академиясына жіберуіңізді сұраймыз.
Қазақстан Республикасы ІІМ
Мақан Есболатов атындағы
Алматы академиясының
бастығы
полиция полковнигі К. Кобландин