ІМ Алматы академиясында киберқауіпсіздік тақырыбында семинар өтті. Іс-шара халықаралық деңгейде ақпараттық қауіпсіздік саласында танымал — хакерлік шабуылдардан қорғану жүйелерін әзірлеумен айналысатын «Kaspersky зертханасы» компаниясымен жасалған ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды.
Семинар Академия курсанттары мен профессор-оқытушылар құрамына арналды. Бас спикер — «Kaspersky зертханасының» Қазақстан мен Орталық Азиядағы басқарушы директоры Валерий Зубанов болды. Ол қатысушыларға қазіргі заманғы цифрлық қауіп-қатерлер, киберқорғаныстың жаңа технологиялары және компанияның ақпараттық қауіпсіздік саласындағы шешімдері жайлы тың мәліметтер ұсынды.
Семинар барысында тыңдаушылар киберқауіптерді анықтау мен алдын алу әдістерін меңгеріп, цифрлық сауаттылық пен киберқауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу интерактивті форматта өтіп, практикалық жағдайларды талдаумен, пікір алмасумен және қатысушылардың белсенді қатысуымен ерекшеленді.