Идеологиялық және имидждік жұмыс мамандарын даярлау орталығы

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Қосымша білім беру факультеті
Идеологиялық және имидждік жұмыс мамандарын даярлау орталығы

Идеологиялық және имидждік жұмыс мамандарын даярлау орталығы Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының  ішкі істер органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың білікті кадрларын даярлау мақсатында білім алушылардың жедел-қызметтік іс-әрекеті үшін қажетті құзыреттерді кәсіптік жетілдіруге және  алуға және атқаратын лауазымы бойынша қолда бар біліктілік шеңберінде кәсіптік деңгейін арттыруға бағытталған білім алушылардың біліктілігін арттыруды, оқу, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысын  жүзеге асыратын  негізгі құрылымдық бөлінісі болып табылады.

Орталық Қазақстан Республикасы ІІМ 2021 жылдың 12 шілдесіндегі №400 бұйрығымен құрылған.

ИИЖМДО жұмысы жоспарлау, қызметтік іс-әрекет мәселелерін шешудегі дара басшылықты үйлестіру және оларды талқылау кезіндегі алқалық, әрбір қызметкер мен қызметкердің тапсырылған учаскедегі істің жай-күйі үшін дербес жауапкершілігі және жеке тапсырмаларды орындау негізінде ұйымдастырылады.

Орталықтың штат саны 7 бірліктен тұрады.

Орталықтың негізгі міндеттері болып табылады:

  • қосымша білім беру бағдарламалары бойынша ІІО білікті кадрларын даярлау мақсатында білім алушылардың біліктілігін арттыру
  • күнтізбелік жылға жасалатын Орталық жұмыс жоспарына сәйкес оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру
  • Қазақстанның жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу мекемелерімен және ІІО құрылымдық бөліністерімен және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен байланыс орнату

Орталық жұмысының негізгі мазмұнын ІІО идеологиялық және имидждік жұмыс үшін жауапты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

Біліктілікті арттыру курстарында білім алады:

  • Қазақстан Республикасы ІІМ облыстар мен қалалардың ПД КСБ бастықтары;
  • Қалалар мен аудандардың ПБ бастықтары;
  • Қазақстан Республикасы ІІМ ПБ(Б), МКҚБ және ҚАЖК мен ҚАЖД пенитенциарлық мекемелерінің, ведомстволық оқу орындарының идеологиялық және имидждік жұмыс үшін жауапты қызметкерлері.

Біліктілікті арттыру курстары үшін білім беру бағдарламалары, оқу-жұмыс бағдарламалары (силлабус) әзірленеді. Оқу-әдістемелік жұмыс қосымша білім берудің талаптарына сәйкес жүргізіледі. Сабақтарды өткізу үшін ғылым қайраткерлері, тәжірибедегі қызметкерлер, Қазақстан Республикасы ІІМ өкілдері қатыстырылады.

Орталықта зерттеу тақырыптары бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырылады.

Орталықтың аға оқытушы-әдіскерлер ішкі істер органдарының қызметіне үлкен үлес қосқан көрнекті тұлға милиция генерал-майоры Ахмет Тұмарбекұлы Тұмарбековтың өмірі мен еңбек қызметіне арналған «Еліне адал азамат» кітабын жазуға қатысты.

Орталық базасында ішкі істер органдарында идеологиялық және имидждік жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне арналған конференция, дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы ІІМ облыстар мен қалалардың ПД КСБ бастықтары, ведомстволық оқу орындарының өкілдері қатысты.

Орталық қызметкерлерімен «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында идеологиялық және имидждік жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында оқу құралы дайындалды.

Орталық қызметкерлері қоғамдық және мәдени іс-шараларға да белсенді араласады. Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық кеңестерінің жұмысына қатысып отырады.

Орталықта ұдайы Академия және бүтіндей ішкі істер органдарының имиджін қолдау бойынша жұмыс жүргізіліп отырылады. Орталық басшылығы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесіне әрдайым назар аударып отырады.  Осы мақсатта олар ұдайы әр түрлі біліктілікті арттыру курстарынан өтіп отырады.