ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ

Кафедра қызметінің негізгі міндеттері – жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жоғары білімі бар ІІО аттестатталған құрамын дайындау, ІІМ оқу орындары үшін ғылыми-педагогикалық әлеуетті құру, Ішкі істер органдары және басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.

Кафедра оқу және тәрбие процестерінің үйлесімді бірлігіне қол жеткізуге, білім алушыларға дұрыс моральдық-адамгершілік қасиеттерді сіңіруге, оларда кәсіби шеберлік дағдыларын дамытуға, яғни сотқа дейінгі тергеуді ұйымдастыру бойынша жеткілікті ғылыми-практикалық білімі бар білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге үнемі ұмтылады.

Кафедраның оқу-әдістемелік бағыты:

1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде мамандар даярлау бойынша пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу;

2) пәндерді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, яғни оқулықтар, оқу құралдары, қор дәрістері, тапсырмалар жинақтары, әдістемелік ұсынымдар және т.б., сондай-ақ оқытудың барлық нысандары бойынша ағымдағы, аралық және қорытынды білім бақылау материалдарын дайындау;

3) құқық қорғау органдарының озық педагогикалық тәжірибесі мен практикалық қызметін жалпылау және тарату және білім беруді ақпараттандыру;

4) кафедра бейініне сәйкес, мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі оқу бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

5) ғылым мен техниканың жетістіктерін, оқу-тәрбие жұмысындағы озық тәжірибені және оқытудың жаңа технологияларын зерделеу, іріктеу және жұмыс тәжірибесіне енгізу;

6) оқу процесіне заманауи оқу-әдістемелік, дидактикалық материалдар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді автоматтандырылған оқыту жүйелерін, ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін, ақпараттық-кітапханалық жүйелерді және т.б. енгізу.

Кафедраның ғылыми-зерттеу бағыты:

1)  ғылымды, білім беруді және ІІО-ның практикалық қызметін интеграциялауды қамтамасыз ету, осы негізде ғылыми-білім беру процесін дамыту, ғылыми зерттеулер мен инновациялық қызметтің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

2)  оқытылатын пәндердің теориялық және практикалық мәселелерін одан әрі дамыту аспектісінде кафедра бейіні бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;

3)  ғылыми-педагог кадрларды даярлауды жүзеге асыру;

4)  оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, диссертацияларды, монографияларды, ғылыми мақалалар мен тезистерді, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді дайындау және оларды сараптау;

5)  ІІО-ның нормашығармашылық және практикалық қызметін ғылыми ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

6)  ІІО жүйесінде жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беруді дамытудың теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеу және әзірлеуге қатысу;

7)  өз ғылыми мектептерін қалыптастыру және дамыту, білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді тарту.

Кафедраның ұзақ және бай тарихы бар, ол Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атын. Алматы академиясының дамуымен тығыз байланысты. Кафедра – бұл ең алдымен ғылыми-педагогикалық ұжым, Академияның ғылыми әлеуетін құрған. Біздің ұжым курсанттардың, адъюнкттердің, магистранттар мен докторанттардың лайықты буынын оқытып, тәрбиеледі.

Әр уақытта кафедрада қылмыстық процестің және криминалистиканың ұлттық ғылымының дамуына үлес қосқан ғалым-педагогтар (з.ғ.к., доценті А.А. Аубакирова, з.ғ.к. С.Т. Әбдірахманов, з.ғ.к. Е.Д. Әбілқасымов, з.ғ.к. Е.Ж. Алимагамбетов, з.ғ.к. А.А. Ешназаров, з.ғ.к. А.М. Қалиев, з.ғ.к. Т.Ж. Қаратаев, з.ғ.к. Е.Я. Лопушной, з.ғ.к. Г.Т. Оспанова, з.ғ.к. Р.К. Туманшиев, з.ғ.к. В.В. Хан) еңбек етті.

Әр түрлі кезеңдерде кафедраны басқарды:

– милиция полковнигі Е.Я. Лопушной (1991-1995 ж.ж.);

– әділет генерал-майоры Қайдаров Р.Е. (1996-1997 ж.ж.);

– полиция майоры Биятов Т.К. (1997-1998 ж.ж.);

– полиция майоры Бекішев Д.К. (1999-2001 ж.ж.);

– полиция полковнигі Кучуков К.М. (2001-2004 ж.ж.);

– полиция полковнигі Әбдірахманов С.Т. (2004-2009 ж.ж.);

– полиция полковнигі Себеков Ш.О. (2010 жыл);

– полиция полковнигі Макин Т.Ш. (2011-2015 ж.ж.);

– полиция полковнигі Аубакирова А.А. (2015-2021 ж.ж.);

– полиция полковнигі Әбілезов Е.Т. (2021-2023 ж.ж.);

– полиция майоры Сәрсенбаева Б.Б. (2023-2024 ж.ж.).

з.ғ.к., милиция полковнигі
Е.Я. Лопушной

әділет генерал-майоры
Р.Е. Қайдаров

з.ғ.к., полиция майоры
Т.К. Биятов

з.ғ.к., полиция майоры
Д.К. Бекишев

з.ғ.к., доценті полиция полковнигі
К.М. Кучуков

з.ғ.к., полиция полковнигі
С.Т. Әбдірахманов

з.ғ.к., доценті полиция полковнигі
Ш.О. Себеков

полиция полковнигі
Т.Ш. Макин

з.ғ.д., доценті полиция полковнигі
А.А. Аубакирова

з.ғ.к., доценті полиция полковнигі
Е.Т. Әбілезов

з.ғ.к., полиция майоры
Б.Б. Сәрсенбаева

з.ғ.к., доценті полиция полковнигі
А.Ә. Ескендіров

Қазіргі уақытта кафедраны з.ғ.к., доценті, полиция полковнигі Айдос Әбдірахманұлы Ескендіров басқарады.

Кафедрада тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы қызмет етеді:

– кафедра бастығының орынбасары, з.ғ.м., полиция подполковнигі М.К. Сырлыбаев;

– кафедра профессорлары – з.ғ.к., полиция майоры Б.Б. Сәрсенбаева және з.ғ.к. Т.С. Култаев;

– кафедра доценттері: з.ғ.м., полиция  п/п-гі Б. Ока және PhD, полиция п/п-гі С.М. Абижанов;

– аға оқытушылар –з.ғ.м., полиция подполковнигі Д.Р. Дюсембаева, з.ғ.м., полиция подполковнигі Р.С. Кубаев и з.ғ.м., полиция майоры Е.Е. Рақым;

–              оқытушылар: полиция подполковнигі А.С. Әбдірахманова, з.ғ.м., полиция капитаны А.Ш. Айтбаева және з.ғ.м., полиция майоры А.А. Утегалиева.