2025 жылдың 07 наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы дарынды жастарды қолдау мақсатында колледждердің бітіруші курстарының студенттері мен 11 сынып оқушылары үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының кубогына «Жас IT – дарын» республикалық IT-турнирін өткізеді.
Турнирге қатысу үшін қатысушыларға 2025 жылдың 07 наурыз айына дейін сілтеме – http://t.me/JASITDARYN_bot бойынша тіркелу қажет.
Республикалық IT-турнирді өткізу кезеңдері:
I кезең – онлайн: (10.03.2025 – 14.03.2025). Компьютерлік сауаттылық тақырыбында онлайн тестілеуден өту. Тест тапсыру сілтемесі қатысушылар тіркелгеннен кейін жіберіледі. Тестілеу 20 сұрақтан тұрады, уақыты – 20 минут, өту балы – 17 балл).
II кезең – онлайн: (26.03.2025 – 29.03.2025). тестілеуден өткен қатысушылар «Менің киберқылмыспен күресу туралы көзқарасым» тақырыбында жобалар (презентация немесе бейне презентация) дайындап, оны 2025 жылдың 23 наурызына дейін электрондық поштаға жіберуі керек – kafedra_cyber@mail.ru. Презентация 10 беттен артық, бейне презентация 3 минуттан артық болуы керек. Жобаларды қорғау 26.03.2025-29.03.2025 бастап Zoom – платформа арқылы онлайн форматта өтеді. Жобалар келесі талаптар бойынша бағаланатын болады:
1. Жобаны ресімдеу (0-5 балл);
2. Жобаны қорғау қабілеті (0-5 балл);
3. Жоба бойынша Блиц-сауалнама (0-5 ұпай).
II кезеңнің қорытындысы бойынша – 13 ұпайдан жоғары жинаған қатысушылар III кезеңге өтеді.
III кезең – оффлайн: (3 кезеңге өткен қатысушыларға алдын ала хабарланатын болады) Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында IT–квесттен өту. Турнирдің үш кезеңінде ең көп ұпай жинаған қатысушы турнир жеңімпазы болады. Турнир жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болады. Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясына одан әрі оқуға түскісі келетіндер үшін, осы турнир жеңімпаздарының дипломдары байқау комиссиясы барысында ескерілетін болады.
III кезең аяқталғаннан кейін қатысушылар «Полициядағы бір күн» жобасына қатысады.
Біздің мекен-жайымыз: 050000, Алматы қ., Өтепов к-сі, 29. Байланыс тел+ 7(702)-683-27-77 (Савдабаев Ержан Сарсенович), +7(777)820-67-44 Уралова Фатима Сырлыбай кизи. e-mail: kafedra_cyber@mail.ru





