🚩💻🏁 Курсанттар арасында ақпараттық қауіпсіздік бойынша жарыс ұйымдастырылды

CTF турнирі (Capture The Flag – Жалаушаны түсіріңіз) IT-кеңістігінде командалық ойын форматында өтті. Ойынның негізгі мақсаты нақты әрі мүмкіндігінше шынайы жағдайларда қарсыласынан туды алу болды.

Жарысқа 11 командадан құралған бірінші курстың 33 курсанты қатысты. Осылайша, курсанттар компьютерлік және ақпараттық қауіпсіздік бойынша практикалық сабақтарда өз дағдыларын сынады.

🚩Сонымен, жарыс жеңімпаздары: 1 орын – Хадимов К., Мұстафа М., Жәнібеков А.; 2 орын – Абдулин К., Ғабдулин М., Қисанов Т.; 3 орын – Өтегенов Р., Шырымбетов И., Тілеубаев Н.