Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясында әскери арнайы оқу орындары Қауымдастығының қызметі аясында ұйымдастырылған Жас ғалымдар форумы өтті.

💠 2024 жылдың 11-12 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясында әскери арнайы оқу орындары Қауымдастығының қызметі аясында ұйымдастырылған Жас ғалымдар форумы өтті.

Іс-шара ғылым қызметкерлері күніне және ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Академияның ғылыми-зерттеу орталығының бастығы, полиция полковнигі Александр Кан өзінің құттықтау сөзінде форумның құқық қорғау саласындағы ғылым мен білім беруді дамыту үшін маңыздылығын атап өтті.

Форумға қатысушылар экскурсияларда, ғылыми тренингтерде және networking-сессияларда тәжірибе және идеялармен алмасты. Екінші күн де қарқынды өтті: қатысушылар “Медеу” мұз айдынында салауатты марафон өткізіп, ғылыми зерттеулердің тұсаукесерлер байқауына қатысты.

Форум қатысушыларды марапаттау және сертификаттарды табыстау рәсімдерімен аяқталды.