Ғылыми кеңес

Жалпы ақпарат Ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау Ғылыми кеңестің хаттамалары

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС

Ғылыми кеңес Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы алқалық басқарудың жоғары органы болып табылады. Ғылыми кеңес жоғары оқу орнының одан әрі даму траекториясын айқындауда шешуші болып табылады.

Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдары жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы № 157 бұйрығымен, сондай-ақ Академия Жарғысын басшылыққа алады.

Ғылыми кеңестің төрағасы – Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы, қауымдастырылған профессор (доцент), полиция полковнигі Қалижан Жеңісбекұлы Қобландин.

Ғылыми кеңес төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, полиция полковнигі Ержан Малайұлы Бимолданов.

Ғылыми кеңестің ғалым хатшысы – философия ғылымдарының докторы (PhD), полиция полковнигі Әбдіхалықов Абзал Әбдісаттарұлы

Ғылыми кеңестің қызметі өз құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылаудың жариялылығына негізделеді.

Ғылыми кеңестің мақсаты жоғары білім беру жүйесінің басым міндеттеріне, Академияның даму стратегиясына және қызметкерлер мен білім алушылардың қатысуына сәйкес Академияның қызметін тиімді, ашық және демократиялық басқаруды қамтамасыз ету болып табылады.

Ғылыми кеңестің міндеттері олардың өкілеттіктері шеңберінде алқалы басқару нысандарына сәйкес айқындалады.

Негізгі міндеттерге мыналар жатады:

1) академиялық, тәрбиелік, ғылыми-зерттеу, инновациялық және әкімшілік-шаруашылық қызметтің негізгі мәселелері бойынша шешімдерді қарау, талқылау және қабылдау;

2) білім беру және ғылыми процестерге инновацияларды енгізуге жәрдемдесу;

3) қоғам мен мемлекеттік органдарды қоса алғанда, мүдделі тараптар алдында өз қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету;

4) ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін Академияның құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;

5) өз бастамасы бойынша немесе Академияның құрылымдық бөлімшелерінің ұсынысы бойынша академиялық немесе ғылыми қызығушылық тудыратын мәселелерді қарау және олар бойынша тиісті шаралар қабылдау;

6) Ғылыми кеңестің шешімдерінің орындалуын іске асыруды талдау, қол жеткізілген нәтижелерді бағалау және қажет болған жағдайда түзету шараларын қабылдау.

Ғылыми кеңес өз жұмысын оқу жылына бекітілген жұмыс жоспары негізінде оның міндеттеріне сәйкес жүзеге асырады, ол Академияның ресми сайтында орналастырылған.

Ғылыми кеңестің отырысында қаралған мәселелердің нәтижелері бойынша қатысып отырған мүшелердің көпшілік даусымен Ғылыми кеңестің хаттамасымен ресімделетін шешімі қабылданады. Отырыстың хаттамасын Ғылыми кеңестің хатшысы отырыстан кейін 3 жұмыс күні ішінде жасайды. Хаттамаға Төраға және хатшысы қол қояды және Академияның ресми сайтында орналастырылады.

Ғылыми кеңес білім алушылардың, профессорлық-оқытушылық құрамның, Академия қызметкерлерінің мүддесі үшін әрекет етеді.

Ғылыми кеңестің шешімі ұсынымдық сипатта болады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІМ МАҚАН ЕСБОЛАТОВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ТАРИХЫНАН

Әр жылдардығы ғалым хатшылар

КОРЗУН ИГОРЬ ВАЛЕРЬЕВИЧ

Туған күні: 26.10.1966 ж.

Туған жері: Алматы қ., Қазақ КСР

Білімі: жоғары (КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі, 1987 жыл)

Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының докторы

Ғылыми атағы: профессор

Диссертация тақырыбы: «Теоретические и прикладные проблемы социально-правового контроля и предупреждения преступности среди женщин (по материалам Республики Казахстан)» (2001 жыл)

Арнайы атағы: әділет полковнигі

Сыныптылығы: I-сынып маманы – тәлімгер

Марапаттаулар: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» Қазақстан Республикасының мерейтойлық медалі

Ғалым хатшы лауазымында:

13.01.1998 ж. – 22.06.1999 ж. – Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғары мектебі мен Алматы заң институтының Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы

20.06.2002 ж. – 10.02.2004 ж. – Қазақстан Республикасы ІІМ академиясының Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы (Алматы қ.)


РҮСТЕМОВА ГАУһАР РҮСТЕМБЕКҚЫЗЫ

Туған күні:  22.07.1956 ж.

Туған жері: Жамбыл қ., Жамбыл обл., Қазақ КСР

Білімі: жоғары (Қарағанды мемлекеттік университеті, 1979 жыл)

Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының докторы

Ғылыми атағы: профессор

Диссертация тақырыбы: «Проблемы борьбы с преступлениями в сфере медицинского обслуживания населения» (2003 ж.

Арнайы атағы: полиция полковнигі

Сыныптылығы: I-сынып маманы-тәлімгер

Марапаттаулар: Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» Қазақстан Республикасының мерейтойлық медалі

Ғалым хатшы лауазымында:

10.11.2000 ж. – 27.02.2001 ж. – Қазақстан Республикасы ІІМ академиясының Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы (Алматы қ.)


ЖАЛБҰРОВ ЕРКЕМБЕК ТИАНАҚБАЙҰЛЫ

Туған күні: 01.03.1957 ж.

Туған жері: Түлкібас кенті, Түлкібас ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР

Білімі: жоғары (Шымкент педагогикалық институты, 1983 жыл)

Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының докторы

Ғылыми атағы: профессор

Диссертация тақырыбы: «Қазақстан Республикасы (полиция) ІІО-ның әкімшілік құқық қатынастары: теория және тәжірибе мәселелері» (2010 ж.)

Арнайы атағы: әділет полковнигі

Сыныптылығы: I-сынып маманы-тәлімгер

Марапаттаулар: Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл” және “Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл” Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдары.

Ғалым хатшы лауазымында:

13.03.2001 ж. – 11.03.2002 ж. – Қазақстан Республикасы ІІМ академиясының Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы (Алматы қ.).


ШИКТЫБАЕВ ТОҚСАН ТІЛЕУБАЙҰЛЫ

Туған күні:  03.10.1961 ж.

Туған жері:   Дружинина ауылы, Шатровский ауданы, Қорған облысы, Ресей КСР

Білімі: жоғары (КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі, 1983 жыл)

Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының докторы

Ғылыми атағы: профессор

Диссертация тақырыбы: «Деликтные обязательства по законодательству Республики Казахстан» (2007 ж.)

Арнайы атағы: полиция полковнигі

Сыныптылығы: I-сынып маманы-тәлімгер

Ғалым хатшы лауазымында:

14.04.2004 ж.–25.01.2007 ж. – Қазақстан Республикасы ІІМ академиясының Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы (Алматы қ.).


МОЛДАБАЕВ САРКЫТБЕК САРСЕМБАЕВИЧ

Туған күні:  23.09.1962 .ж

Туған жері: Вознесеновка ауылы, Жарма ауданы, Семей облысы, Қазақ КСР

Білімі: жоғары (КСРО ІІМ Ленинград жоғары әскери-саяси училищесі, 1992 жыл)

Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының докторы

Ғылыми атағы: профессор

Диссертация тақырыбы: «Воинские преступления в Республике Казахстан: современное состояние и механизмы противодействия (криминологический и уголовно-правовой анализ)» (2005 жыл)

Арнайы атағы: аға әділет кеңесшісі

Сыныптылығы: I-сынып маманы-тәлімгер

Марапаттаулар: Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері

Ғалым хатшы лауазымында:

01.02.2008 ж. – 25.12.2008 ж. – Қазақстан Республикасы ІІМ академиясының Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы (Алматы қ.)


ҚҰЛМҰХАНБЕТОВА БИБІГҮЛ АМАНЖОЛҚЫЗЫ

Туған күні: 09.06.1970 ж.

Туған жері: Алматы қ., Қазақ КСР

 Білімі: жоғары (Қазақстан Республикасы МТК Алматы жоғары мектебі, 1996 жыл)

Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты

Ғылыми атағы: доцент

Диссертация тақырыбы: «Имущественные наказания по уголовному праву Республики Казахстан» (2005 жыл).

Арнайы атағы: аға әділет кеңесшісі

Сыныптылығы: I-сынып маманы-тәлімгер

Ғалым хатшы лауазымында:

31.12.2008 ж. – 04.11.2010  ж. – Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы (Алматы қ.)


СҰЛТАНОВА  НАЗГҮЛ ЗЕЙНУЛЛАҚЫЗЫ

Туған күні:  28.01.1974 ж.

Туған жері: Жұрын ауылы, Мұғалжар ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақ КСР

Білімі: жоғары (Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы заң институты, 1998 жыл)

Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты

Диссертация тақырыбы: «Уголовная ответственность за умышленное причинение средней тяжести вреда здоровью» (2001 жыл).

Арнайы атағы: полиция полковнигі 

Сыныптылығы: I-сынып маманы-тәлімгер

Ғалым хатшы лауазымында:

04.11.2010 ж. – 10.02.2016 ж. – Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы (Алматы қ.)


ЕСКЕНДІРОВ АЙДОС ӘБДІРАХМАНҰЛЫ

Туған күні: 27.07.1978 жыл

Туған жері: Келлеровка ауылы, Келлер ауданы, Көкшетау облысы, Қазақ КСР

Білімі: жоғары (Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы, 2000 жыл)

Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты

Диссертация тақырыбы: «Проблемы исполнения уголовных наказаний в отношении несовершеннолетних осужденных» (2005 жыл).

Арнайы атағы: полиция полковнигі 

Сыныптылығы: I-сынып маманы-тәлімгер

Ғалым хатшы лауазымында: қараша 2021 ж. – қараша айы 2022 ж. – Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов ат.

Алматы академиясының Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы (Алматы қ.)


КЕГЕМБАЕВА ЖАНАР АМАНЖАНҚЫЗЫ

Туған күні: 28.06.1973 ж.

Туған жері: Омбы қ., Ресей КСР

Білімі: жоғары (әл-Фараби ат. ҚазҰУ, 1996 жыл)

Ғылыми дәрежесі: заң ғылымының докторы

Ғылым атағы: профессор

Диссертацияның тақырыбы: Конституционные основы уголовного законодательства Республики Казахстан» (2012 жыл). Арнайы атағы: полиция полковнигі

Сыныптылығы: I-сынып маманы-тәлімгер

Ғалым хатшы лауазымында:

Наурыз 2016 ж. –  қараша 2021 ж.; қараша 2022 ж. – желтоқсан 2023ж. – Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов ат. Алматы академиясының Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы (Алматы қ.)


 АЛИМОВА ЭЛЬВИРА АБДИКАПБАРОВНА

Туған күні: 22.07.1977 ж.

Туған жері:  Алматы қ.

Білімі: высшее (әл-Фараби ат. ҚазҰУ, 199ү жыл)

Ғылыми дәрежесі философии докторы PhD

Ғылым атағы:  қауымдастырылған профессор (доцент)

Диссертацияның тақырыбы: «Участие специалиста в уголовном судопроизводстве» (г. Алматы, 2020 год).

Арнайы атағы: полковник полиции 

Сыныптылығы: I-сынып маманы-тәлімгер

Ғалым хатшы лауазымында:

2024 жылдың қантар айынан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы (Алматы қ.)