Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасының қалыптасуы Академияның дамуымен тығыз байланысты.
1956 жылы КСРО ІІМ бұйрығымен жедел және тергеу қызметкерлерін даярлау үшін милиция орта мектебі құрылды.
Милиция мектебі құрылған күннен бастап Әкімшілік құқық циклі енгізілді, онда ІІО-ның әкімшілік құқығы мен әкімшілік қызметі оқытылды.
1991 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен милиция орта мектебі КСРО ІІМ Алматы жоғары мектебі болып қайта құрылды және цикл негізінде Әкімшілік құқық кафедрасы құрылды.
1999 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ ЖБШ және Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесінің базасында Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы құрылды.
Оқу орнының қайта құру процестері барысында кафедраның атауы және онда оқытылатын пәндер бірнеше рет өзгерді. 2010 жылы кафедраның атауы бекітілді: «Әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасы».
Кафедра құрылған күннен бастап оның басшылары Ішкі істер органдарының тәжірибелік және ғылыми-педагогикалық қызметіне үлес қосқан ішкі істер органдарының тәжірибелі қызметкерлері болды:
Владимир Иванович Антропов,
Леонид Александрович Извеков,
Жұбатыров Байғали Нұртуғанұлы,
Макуев Руман Харонович,
Владимир Иванович Григорьев,
Полиция полковнигі Ахметов Рафаэль Ибрагимович,
Жұмағұлов Марат Иманғалиұлы,
Полиция полковнигі Бішманов Кәкімжан Мұратжанұлы,
Полиция полковнигі Аймашев Кеңес Ыайқұлы,
Полиция полковнигі Амитов Шамшидин Егенбердиевич,
Полиция полковнигі Гүлмира Әлішерқызы Жүнісова.
Бүгінгі Кафедра
Әкімшілік-құқықтық мамандандыру бойынша түлектерді даярлауды, сондай-ақ әкімшілік бағыт бойынша қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды жүзеге асыра отырып, кафедра Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының жетекші кафедраларының бірі болып табылады.
Оның құрамында: кафедра бастығы, з.ғ. к., қауымдастырылған профессор (доцент), полиция полковнигі Т. М. Коржумбаева, кафедра бастығының орынбасары полиция майоры А. К. Анес, кафедра профессоры, PhD докторы Е. Д. Рахмет, кафедра доценті полиция полковнигі Е. В. Шоканова, кафедра доценті полиция подполковнигі А. Н. Санапиянова., кафедра доценті полиция подполковнигі Н. С. Досыбеков, кафедра доценті полиция майоры Ж. Е. Сидашева, кафедра аға оқытушысы полиция майоры А. М. Сыдық, аға оқытушы полиция майоры А. Т. Қойшкен, кафедра оқытушысы полиция майоры А. Бимбет., кафедра оқытушысы полиция аға лейтенанты Ж.Н. Жотаева
Кафедраның кадрлық әлеуеті ІІО-ның әкімшілік қызметі, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, полицияның сервистік моделі сияқты бағыттар бойынша оқу процесін жоғары теориялық деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Становление кафедры административно-правовых дисциплин Алматинской академии МВД Республики Казахстан неразрывно связано с развитием Академии.