Факультет «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы» республикалық мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлінісі болып табылады және төменде көрсетілген тармақтарды жүзеге асырады:
1) ІІО-ның басшылық құрамы лауазымдарының келесі санаттары бойынша кәсіби оқытады:
– Қазақстан Республикасы ІІМ орталық аппараты департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесі аумақтық департаменттерінің, қалалық, облыстық және көліктегі департаменттердің, білім беру ұйымдарының бастықтары мен бастықтарының орынбасарлары;
– Қазақстан Республикасы ІІМ орталық аппараты басқармаларының, әскери-тергеу басқармаларының, аумақтық және көліктік полиция басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтары;
2) ІІО-ның басшылық құрамының біліктілігін арттыру және қайта даярлау.
Факультет «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлінісі болып табылады және Қазақстан Республикасы ІІМ кадр резервінде тұрған орталық аппарат және аумақтық ішкі істер органдары (астана, республикалық маңызы бар қалалар, обылыс, көліктегі) департаменттерінің басшыларын оқытуды жүзеге асырады.
Оқытудың мақсаты жоғары тұрған лауазымға ұсыну үшін қолданыстағы біліктілік шеңберінде кәсіптік деңгейді арттыру үшін қажетті құзыреттерді алуға және кәсіптік жетілдіруге бағытталған қосымша білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білікті кадрларды даярлау болып табылады.
Басшылық құрамын оқыту қосымша білім берудің модульдік білім беру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басшылық құрамын даярлау факультетінің негізгі міндеттері:
– қосымша білім беру бағдарламалары бойынша ІІО білікті кадрларын даярлау мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ номенклатурасының кадр резервінде тұрған басшыларды оқыту;
– ақпараттық ресурстарды қолдану бойынша оқу, оқу-тақырыптық жоспарларды, оқу-модульдік бағдарламаларды, бағдарламалық өнімдерді, әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулықтарды әзірлеу.
Басшылық құрамын даярлау факультетінің негізгі функциялары:
– факультетте оқу үрдісін ұйымдастыру, басқару және бақылау;
– факультетте оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру және жетілдіру;
– профессорлық-оқытушы құрамы мен білім алушылардың оқу үрдісінің жай-күйі туралы пікірін зерделеу, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, профессорлық-оқытушы құрамының педагогикалық қызметі үшін қажетті жағдайлар жасау және білім алушылардың қосымша білім беру бағдарламаларын игеруі;
– білім алушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысу жағдайын талдау;
– әр оқу жиынында кафедралардың профессорлық-оқытушы құрамының оқу жүктемесінің нақты орындалуын талдау;
– КАЖІІБ және Академияның басқа құрылымдық бөліністерімен бірлесіп оқу-әдістемелік жиындар, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, тренингтер және т.б. ұйымдастыру және өткізу;
– кеңестерді, жұмыс кездесулерді, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, семинарлар мен дөңгелек үстелдерді және т.б. өткізуге қатысу.
Қазіргі уақытта факультетті келесі офицерлер құрайды:
1) факультет бастығы – з.ғ.к., полиция полковнигі Ескендіров Айдос Әбдірахманұлы;
2) факультет бастығының орынбасары (және ол – Жоғары академиялық курстарының бастығы) – з.ғ.м., полиция подполковнигі Салаев Адиль Башагаевич;
3) аға оқытушы-әдіскері – полиция полковнигі Сағымбаева Индира Рахатқызы;
4) ЖАК аға оқытушы-әдіскері – полиция подполковнигі Азирбекова Ақбота Қуанышбекқызы;
5) ЖАК оқытушы-әдіскері – з.ғ.м., полиция майоры Базарлинова Ардақ Уәлиханқызы; 6) оқытушы-әдіскері – з.ғ.м., полиция майоры Әбдікенов Думан Бисенғалұлы
БІЗДІҢ ФАКУЛЬТЕТ БАСШЫЛАРЫ МЕН ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ
Байланыс ақпараты:
байланыс телефоны
+7(701)808-99-17, +7(701)277-03-90, +7(747)266-25-91, +7(777)013-00-13
e-mail:
vak.aacademy@mail.ru
vac.aacademymvd
vac_almaty_academy_mvd