Дене шынықтыру дайындығы кафедрасының тарихы осыдан 60 жыл бұрын басталды. 1956 жылы КСРО ІІМ бұйрығымен КСРО ІІМ Алматы арнайы орта милиция мектебінде дене шынықтыру дайындығы бойынша цикл құрылды.
Ал кафедра ретінде Дене шынықтыру дайындығы кафедрасы Қазақстан Республикасы ІІМ 2019 жылғы 11 қарашадағы № 975 бұйрығымен құрылып, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының оқытушылық құрамалық бөлімшесі болып есептеледі. Кафедра сабақ жүргізу, әдістемелік-оқу, ғылыми-зерттеулік және тәрбиелік жұмыстармен айналысады. Ол өзінің қызметіндегі жұмысына Қазақстан Республикасының қолданысындағы нормативтеріне және заңдасты актілеріне, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне, ведомстволық актісіне, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының Жарғысына, сол сияқты кафедра Ережесіне сәйкес жетекшілік етеді.
Кафедраның өзіндік қалыптасқан дәстүрі бар. Кафедра басында ардагерлер және құрметті зейнеткерлер тұрды. Олар – отставкідегі милиция подполковниктері: А.Б.Мадияров, А.П.Борисов, Б.А.Смелков, В.П.Плясуля, С.А.Улитин, С.П.Любота, отставкідегі ішкі қызмет полковнигі В.И.Базилевский, отставкідегі полковник Қ.Ж.Беркумбаев, полиция полковниктері: А.П.Калашников, А.П.Романов.
Кафедраның құрылуына және дамуына үлкен үлес қосқан полиция полковниктері: Әбішев К.С., Оспанов Ж.Т., Омаров Т.Б., Теміров Н.Б., Баймолда Е.А., Дәуленбаев М.Т., Ерниязов Е.А, полиция подполковниктері: Қантарбаев Е.А., Мұхамедсадыков Ж.Ж., Кожин С.П., Ғабдулкәрімов А.Қ., Цицорин А.Н., Әубәкіров С.А., Дүйсенбаев Ә.К., Мәзімбаев М.К., Мырзабеков Қ.А., Манғұтов Қ.Н., Ахметова Д.А.,
Мұхаметжанов Б.С., Тельтаев Б.Б., Саттаров Н.Қ., полиция майорлары: Корнев А.А., Фиофилактов А.В., Абдалимов Ф.Р., Ргелов Н.Т., Үмбеталиев Ж.Е. және басқалар. Кафедраны әр кезеңде келесі тұлғалар басқарды олар:
Романов Анатолий Петрович полиция полковнигі кафедрада 20.06.2002-11.11.2005 жылдары аралығында кафедра бастығы қызметін атқарды.
Дәуленбаев Мұхит Тойлыұлы полиция полковнигі бокстан КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушы. 25.11.2005-19.05.2009 жылдары кафедра бастығы қызметін атқарды.
Әубәкіров Сәкен Аманжолұлы полиция полковнигі ушу-саньдадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ушу-саньдадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Малазия), Кикбокстан Еуропа чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қоян – қолтық ұрыстан Қазақстан Республиксы чемпионатының жеңімпазы. 01.12.2009 -.24.11.2010 жылдары кафедра бастығы қызметін атқарды.
Мазимбаев Марат Кененбайұлы полиция подполковнигі бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан чемпионатының бірнеше чемпионы, Азия чемпионы 1993 ж. (Тайланд), әскерилер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері 1998 ж. (Германия). Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы 2005 – 2007 жылдары. Кафедрада 08.12.2010-22.02.2012 жылдары бастық қызметін атқарды.
Мырзабеков Қанат Ахметұлы полиция полковнигі самбодан Қазақстан Республикасының спорт шебері, самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері (Болгария 2013 ж.), самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Греция 2014 ж.), самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Хорватия 2016 ж.) дзюдо күресінен ардагерлер арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы (Алматы қ. 27-31.07.2023ж.), самбодан спорт шеберлері арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Орал қ. 08-12.09.2023 ж.). 2012 жылдан қазіргі уақытта кафедра бастығы қызметін атақарып келеді.
Қазіргі таңда Дене шынықтыру дайындығы кафедрасында келесі қызметкерлер жұмыс істейді: кафедра бастығы полиция полковнигі Мырзабеков Қ.А., кафедра бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қойлыбаев М.Т., кафедра доценттері: полиция полковнигі Касымов А.Н., полиция подполковнигі Тельтаев Б.Б., полиция подполковнигі Калыбеков М.У., аға оқытушылары: полиция подполковнигі Нұрланұлы Е., полиция подполковнигі Асанова С.Ж., полиция подполковнигі Жұматаев А.А., полиция подполковнигі Клименко М.В., оқытушылар: полиция майоры Бисеев Н.П., полиция майоры Қайырбаев Р.Б., полиция капитаны Нұрғали Т.Х., полиция лейтенанты Нұрмұхаметова Қ.Б., кабинет бастығы, полиция лейтенанты Накипов Ж.Ж.
Дене шынықтыру дайындығы кафедрасының басты міндеттерінің бірі академия тыңдаушыларының дене дайындығының қалыптасуы үшін және олардың қабілеттілігін кәсіби қызметте іске асыру мақсатында сабақты ұйымдастыру мен өткізу болып табылады.
Академияда кәсіби қызметте қажет болатын дағдыларды қалыптастыру мақсатында дене шынықтыру дайындығы жоғары деңгейде ұйымдастырылады және өткізіледі. Дене шынықтыру дайындығы кафедрасы Академия тыңдаушылары арасында спорттың қолданбалы түрлері бойынша әртүрлі жарыстар мен спаратакиадалар өткізеді, «Динамо» орталық және қалалық Кеңестері өткізетін спорттық-көпшілік іс-шараларға қатысады. Кафедрада қазақ күресі, дзюдо, самбо, қоян-қолтық ұрыс, бокс, жеңіл атлетика, футбол, волейбол, қол күресі, кір көтеру спорты секциялары жұмыс істейді. Қызметкерлер мен тыңдаушылардан жасақталған академияның құрама командалары спорттың қолданбалы түрлері бойынша қалалық, Республикалық және халықаралық жарыстарға қатысады. Дене шынықтыру дайындығы кафедрасында тәжірибелі оқытушылар, жаттықтырушылар спортшыларды шеберлікке баулып келеді.
Бүгінгі күнге дейін Дене шынықтыру дайындығы кафедрасында 3 – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушылары, 1 – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, 13 – Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, 4 – КСРО спорт шеберлері, 42 – Қазақстан Республикасының спорт шеберлері және 1000-нан астам Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткерлер дайындалған. Олардың екеуі Сидней Олимпиадасының қатысушылары, үшеуі – әлем чемпиондары, екеуі полицейлер арасындағы Әлем чемпиондары, біреуі Әлем Кубогінің иегері, екеуі Азия чемпионы, сегізі Әлемнің және Азияның жүлдегерлері.
Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушылар: Беркумбаев Қанат Жаннетұлы (қоян-қолтық ұрыс), Дәуленбаев Мұхит Тойлыұлы (кикбоксинг), Теміров Нұрғалым Байназарұлы (самбо).
Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері: Мәзімбаев Марат (бокс).
Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері: Скрябин Сергей (ушу-саньда), Әубәкіров Сакен (ушу-саньда, кикбоксинг), Ниязов Шакир (таэквандо), Баймұхамедов Арман (қайық моделін жүздіру спорты), Гурман Алексей (суға секіру), Гуща Владимир (мылтық ату), Қайыпжанов Елмұрат (кикбоксинг), Мұқанов Руслан (қоян-қолтық ұрыс), Абдалимов Фархат (самбо), Теміров Нұрғалым (самбо), Клусевич Александр (волейбол), Тойыбекова Айдана (джиу-джитцу).
КСРО спорт шеберлері: Әзбергенов Дулат (қоян-қолтық ұрыс), Әміржанов Ермек (қоян-қолтық ұрыс), Матжанов Жакен (самбо), Жамбиев Болат (самбо).
Қазақстан Республикасының спорт шеберлері: Сұраншиев Қасымбек (ушу-саньда, қоян-қолтық ұрыс), Әубәкіров Сакен (қоян-қолтық ұрыс), Самаев Дархан (кикбоксинг), Тастанов Әділ (ушу-саньда, кикбоксинг), Мұхаметжанов Баймұханбет (кикбоксинг), Теміров Нұрғалым (самбо, дзюдо), Нұрахметов Нұржан (таэквондо), Палмағанбетов Серік (таэквондо, қоян-қолтық ұрыс), Жүргенбаев Бауыржан (таэквондо, қоян-қолтық ұрыс), Селиванов Дмитрий (қоян-қолтық ұрыс); Қырықбаев Арман (қоян-қолтық ұрыс), Берманов Расул (қоян-қолтық ұрыс), Сұлтанбеков Жақсылық (тоғыз құмалақ), Ивахник Максим (қоян-қолтық ұрыс), Ни Алексей (қоян-қолтық ұрыс), Дерюгин Денис (қоян-қолтық ұрыс), Сатпаев Талғат (қоян-қолтық ұрыс), Бахтияров Ержан (самбо), Агаев Низами (қоян-қолтық ұрыс), Бектұров Бауыржан (қоян-қолтық ұрыс), Батурбаев Руслан (қоян-қолтық ұрыс), Балабаев Ербол (таэквондо, қоян-қолтық ұрыс), Ермоленко Дмитрий (қоян-қолтық ұрыс), Мұқанов Руслан (қоян-қолтық ұрыс), Халитов Рамиль (қоян-қолтық ұрыс), Темірханов Иннулла (қоян-қолтық ұрыс), Пошымов Әскербек (самбо, қазақ күресі), Сабирдинов Бауыржан (таэквондо), Салиев Мирхат (самбо), Ешмұханбетов Ернар (самбо), Мырзабеков Қанат (самбо), Ибикеев Досбол (самбо), Салманов Нұрсұлтан (қоян-қолтық ұрыс), Шоқаев Асылхан (бокс), Ырсымбет Азамат (бокс), Чолпанбеков Айбек (самбо), Қызайбек Саят (самбо), Ұзғамбаев Сырымғазы ((қоян-қолтық ұрыс) және т.б.
Кафедрада 3 әртүрлі спорттық ойындарға арналған зал, 3 күрес пен қоян-қолтық залы, 1 бокс залы, 2 ауыр атлетика залы, 1 ойын алаңы, жүгіру жолдары, сауықтыру кешені және қойма бөлімдері бар.