Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Қосымша білім беру факультетінің Экстремизмге қарсы іс–қимыл бойынша мамандарды даярлау орталығы
Экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша мамандарды даярлау орталығы Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының ішкі істер органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың білікті кадрларын даярлау мақсатында білім алушылардың жедел-қызметтік іс-әрекеті үшін қажетті құзыреттерді кәсіптік жетілдіруге және алуға және атқаратын лауазымы бойынша қолда бар біліктілік шеңберінде кәсіптік деңгейін арттыруға бағытталған білім алушылардың діни экстремизмге қарсы іс қимыл саласындағы ішкі істер органдарының қызметкерлерін біліктілігін арттыру және ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыратын негізгі құрылымдық бөлінісі болып табылады.
Орталық Қазақстан Республикасы ІІМ 2005 жылдың 15 қантар №51 бұйрығымен құрылған.
ЭҚІҚБМДО жұмысы жоспарлау, қызметтік іс-әрекет мәселелерін шешудегі дара басшылықты үйлестіру және оларды талқылау кезіндегі алқалық, әрбір қызметкер мен қызметкердің тапсырылған учаскедегі істің жай-күйі үшін дербес жауапкершілігі және жеке тапсырмаларды орындау негізінде ұйымдастырылады.
Орталықтың штат саны 7 бірліктен тұрады.
Орталықтың негізгі міндеттері болып табылады:
- қосымша білім беру бағдарламалары бойынша ІІО білікті кадрларын даярлау мақсатында білім алушылардың біліктілігін арттыру
- күнтізбелік жылға жасалатын Орталық жұмыс жоспарына сәйкес оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру
- Қазақстанның жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу мекемелерімен және ІІО құрылымдық бөліністерімен және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен байланыс орнату
Орталық жұмысының негізгі мазмұнын ІІО жұмыс үшін жауапты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
Біліктілікті арттыру курстарында білім алады:
– Орташа басшы құрам ҚАПБ ПД;
– Аға жедел уәкілдері, ЭҚІҚ ПД жедел уәкілдері;
– Учаскелік инспекторлар, кәмелетке толмағандар істері бойынша инспекторлар;
– Аға инспекторлар- кезекші бөлімдердің инспекторлары.
Біліктілікті арттыру курстары үшін білім беру бағдарламалары, оқу-жұмыс бағдарламалары (силлабус) әзірленеді. Оқу-әдістемелік жұмыс қосымша білім берудің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Сабақтарды өткізу үшін ғылым қайраткерлері, тәжірибедегі қызметкерлер, Қазақстан Республикасы ІІМ өкілдері қатыстырылады.
Орталықта зерттеу тақырыптары бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырылады.
Орталық базасында ішкі істер органдарында жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар: «Проблемы противодействия актам терроризма: отечественный и международный опыт» тақырыбы бойынша. Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қаласы Дін істері басқармасының бастығы қатысты.
Орталық қызметкерлері қоғамдық және мәдени іс-шараларға да белсенді араласады.
Орталықта ұдайы Академия және бүтіндей ішкі істер органдарының имиджін қолдау бойынша жұмыс жүргізіліп отырылады.
Орталық басшылығы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесіне әрдайым назар аударып отырады. Осы мақсатта олар ұдайы әр түрлі біліктілікті арттыру курстарынан өтіп отырады.