Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Қосымша білім беру факультеті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша мамандарды даярлау орталығы
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша мамандарды мамандарды даярлау орталығы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 975 бұйрығымен құрылған және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының Қосымша білім беру факультетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Орталықтың негізгі міндеттері:
Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша ІІО-ның білікті кадрларын даярлау, сондай-ақ Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл мақсатында білім алушылардың біліктілігін арттырады.
Орталықтың күнтізбелік жылға жасалатын жұмыс жоспарына сәйкес оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып және жүзеге асырады. Қазақстанның жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу мекемелерімен және ІІО және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының құрылымдық бөлімшелерімен байланыс орнатады.
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша мамандарды даярлау орталығының ақпараттық базасын толықтыру мақсатында киберқылмысқа қарсы іс-қимылға тартылған ұйымдармен және ведомстволармен белгіленген тәртіппен ынтымақтастықты ұйымдастыру, сондай-ақ орталықта оқу процесін жетілдіруде осы ұйымдардың мүмкіндіктерін пайдалану.
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша мамандарды даярлау орталығының бастығы полиция полковнигі
Бектас Арман Жайлыбекұлы.