Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы (бұдан әрі-Академия) кәсіби даярлық факультетінің құқық қорғау қызметін басқару кафедрасы (бұдан әрі – кафедра) бір немесе бірнеше ұқсас пәндер бойынша оқу, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, білім алушылар арасында тәрбие жұмысын жүзеге асыратын академияның негізгі оқу құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Құқық қорғау қызметін басқару кафедрасы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2018 жылғы 18 тамыздағы № 588 Бұйрығымен құрылған және Академияның кәсіби даярлау факультетінің құрамына кіреді. Кафедраның құрылымы мен штат кестесі Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ІІМ нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы ІІМ бекітетін үлгілік құрылымға сәйкес әзірленеді және бекітіледі. Кафедра штаты академиядағы оқу процесінің ерекшелігін ескере отырып, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының (бұдан әрі – КС) жұмыс көлемі мен орташа жылдық педагогикалық жүктемесіне қарай айқындалады. Кафедраның штат кестесіне өзгерістер заңнамада белгіленген тәртіппен енгізіледі.