ӘСКЕРИ және АРНАЙЫ – ТАКТИКАЛЫҚ ДАЯРЛЫҚ КАФЕДРАСЫ

Кафедраның қалыптасуы мен дамуы

Әскери және арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының қалыптасуы мен дамуы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының дамуымен тығыз байланысты. 1991 жылдың шілде айында жауынгерлік және арнайы дайындық кафедрасының негізінде, КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі милиция  факультеті және КСРО ІІМ Алматы ССШМ әскери пәндер циклінің негізінде құрылған кафедра “Жұмылдыру және арнайы – тактикалық дайындық кафедрасы” және «Арнайы тактикалық дайындық» деп аталған. Оның қызметінде “Азаматтық қорғаныс” және “Арнайы – тактика” пәндеріне басымдық берілді.

Келесі кезеңде кафедра Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 10.05.2023 жылғы № 387 бұйрығымен ұйымдастырылды және Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының кәсіптік даярлау факультетінің құрамына кірді.

Кафедраның қалыптасуы мен дамуына келесі басшылар өз үлестерін қосты:

№ р.н.Арнаулы атағыАты-жөңі
1ішкі қызмет полковнигіИгорь Павлович Зернов
2ішкі қызмет полковнигіИльгиз Ильдусович Бакеев
3полиция полковнигіДмитрий Николаевич Леонтьев
4полиция полковнигіМейрамхан Дайрабаевич Нуршаев
5полиция полковнигіМамука Никоевич Гайдаржи
6полиция полковнигіАлимжан Сагызжанович Жарасов

Оқытушылар курсанттарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне оң үлес қосқанын атап өткен жөн.

№ р.н.Арнаулы атағыАты-жөңі
1полиция полковнигіТимур Берлесович Оспанбаев
2полиция полковнигі техника ғылымдарының кандидатыНуртас Нургалиевич Балгабаев
3полиция полковнигіСергей Анатольевич Снегирев
4полиция полковнигіАли Коженович Досмаганбетов
5полиция подполковнигіАлександр Викторович Наземнов
6полиция майорыАлмат Алтаевич Елеусинов
7 т.б.

2021 жылдың желтоқсан айынан бастап кафедраны полиция полковнигі Цой Олег Романович басқарады.

Бүгінгі таңда кафедра келесі пәндер бойынша сабақтар өткізеді:

  • Арнайы-тактикалық даярлық
  • Атыс дайындығы
  • Әскери дайындық
  • Арнайы күштерге арналған бірыңғай оқыту жүйесі (ESPS) бағдарламасы.

Кафедраның негізгі міндеттері мен функциялары:

         Кафедраның міндеті – ІІО үшін ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, қызметтік тәртіп, ІІО корпоративтік мәдениеті, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған. Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білікті кадрларды даярлау.

Кафедра жұмысы, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларының мазмұнына сәйкес мамандарды теориялық және практикалық даярлауға бағытталған. Кафедрадағы оқу қызметі күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша, оның ішінде ІІО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарында қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Қосымша білім беру – басшылық құрамды даярлау факультетінде, сондай-ақ полиция және басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің түрлі санаттары мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандарды даярлау жөніндегі орталықтың, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандарды даярлау жөніндегі ведомство  аралық орталықтың, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандарды даярлау жөніндегі орталықтың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарында оқу сабақтарын және практикаға бағытталған тренингтер жүргізу.

Әдістемелік жұмыс

Бүгінгі күні кафедра қызметкерлері 2023-2024 оқу жылына арналған барлық оқытылатын пәндер мен дайындық бағыттары бойынша оқу-әдістемелік кешендер әзірленуде. Бүгінгі таңда мемлекеттік және орыс тілдерінде «Тапаншадан практикалық атудың негізгі дағдылары» атты оқу-әдістемелік құралы және орыс тілінде «Правила ношения форменного обмундирования и знаков различия для сотрудников органов внутренних дел РК», «Материальная часть оружия», «Строевая подготовка», «Огневая подготовка для сотрудников органов внутренних дел». атты әдістемелік нұсқау дайындалды.    

Кафедраның құрылымы мен штаты:

         Кафедраның құрылымдық және штаттық кестесі Қазақстан Республикасының заңнамасында және ІІМ нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының ІІМ бекітетін үлгілік құрылымға сәйкес әзірленеді және бекітіледі.

         Кафедра штаты академиядағы оқу процесінің ерекшелігін ескере отырып, профессорлық-оқытушылық құрамның жұмыс көлемі мен орташа жылдық педагогикалық жүктемесіне қарай айқындалады.

             Штат бойыңша Кафедра құрамы төмендегідей:

  • 1. Кафедра бастығы – 1 бірлік.;
  • 2. Орынбасары – 1 бірлік;
  • 3. Доценттер – 3 бірлік;
  • 4. Аға оқытушылар – 5 бірлік.;
  • 5. оқытушылар – 5 бірлік.;
  • 6. Тир бастығы – 1 бірлік;

      Бүгінгі таңда кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы төмендегідей:

№ р.н.ЛауазымыАрнаулы атағыАты-жөңі
1Кафедра бастығыполиция полковнигіОлег Романович Цой
2Кафедра бастығының орынбасарыполиция подполковнигіАрман Тасбулатович Абдахметов
3Доцентіполиция подполковнигіАзамат Рақымбердіұлы Батымбетов
4Доцентіполиция подполковнигіАмреева Актолкын Айтхановна
5Доцентіполиция майорыЧингиз Айдарұлы Исабаев
6Аға оқытушысыполиция подполковнигіЕрмұхаммед Бегалыұлы Асанбаев
7Аға оқытушысыполиция подполковнигіАсел Орынбасарқызы Аубакирова
8Аға оқытушысыполиция майорыЖасұлан Тұнғышбайұлы Жағалов
9Аға оқытушысыполиция майорыЫбырай Серікбайұлы Аташов
10Аға оқытушысыполиция капитаныАбитаев Жарас Талгатулы
11Кафедра оқытушысыполиция капитаныКансейтов Ержан Даулетұлы
12Кафедра оқытушысыполиция аға лейтенантыТілеулесов Бексұлтан Бақытұлы
13Кафедра оқытушысызапастағы полиция полковнигіСергей Иванович Архипов
14Кафедра оқытушысызапастағы полиция майорыАндрей Петрович Артюшкин
15Кафедра оқытушысызапастағы полиция подполковнигіАндрей Сергеевич Волков
16Тир бастығыполиция аға лейтенантыАмангелдіұлы Арман

Кафедра қызметін ұйымдастыру:

         1. Кафедра заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

         2. Кафедра жұмысы жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша білім берудің, сондай–ақ арнайы бастапқы оқытудың білім беру бағдарламаларының мазмұнына сәйкес мамандарды теориялық және практикалық даярлауға бағытталған.

         3. Кафедра өз қызметін жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

         4. Кафедра қызметінің мәселелерін талқылау, тиісті шешімдер қабылдау үшін айына кемінде бір рет бастықтың төрағалық етуімен кафедра отырыстары өткізіледі, оған кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, қажет болған жағдайда білім алушылар мен академияның құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысады.

         5. Бастық өз орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін және кафедра қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды; қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

         6. Кафедра бастығының орынбасары өз құзыреті шегінде кафедра қызметін үйлестіреді; бастық болмаған кезеңде кафедраның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімшеге жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жауапты болады; қолданыстағы заңнамамен өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Кафедраның басқа да жұмыс түрлері мен жетістіктері:

1.      Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы басқа бөлімшелермен және құрылымдармен өзара әрекеттесу немесе оқытуға қатысты қалалық іс-шараларға белсенді қатысады.

2. Академияның күнтізбелік жоспарына сәйкес академияның тұрақты және ауыспалы құрамы мен саптық дайындықпен айналысады.

3. Жауынгерлік және қызметтік даярлық бөлімі бойынша Академия қызметкерлерімен «Атыс даярлығы» және «Арнайы-тактикалық дайындық» пәні бойынша сабақтар өткізеді.

4. Академияның жиынтық жасағының жеке құрамымен өткізілетін тәжірибелік сабақтарға басшылық етеді.

5. Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есбулатов атындағы Алматы академиясының жиынтық жасағына кіретін тыңдаушылар, курсанттар мен командирлерді оқыту үшін Алматы қаласы ПД ЖҚАЖ қызметкерлерін қатыстырады.

6. Академияның ауыспалы құрамы мен кіші командирлер оқуын жүргізеді.

          Академияның тұрақты және ауыспалы құрамы бар арнайы полигондарда “Атыс дайындығы” оқу пәні бойынша атыс қаруынан практикалық атулар өткізеді.

Полиция полковнигі Цой Олег Романович 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласы Полиция департаментінің ғимаратын және қоғамдық тәртіпті қорғаудағы кәсіби қызметі мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Ерлігі үшін»  Мемлекеттік наградасымен марапатталды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министірі мен М.Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы, кафедра қызметкерлерін Алматы қаласы бойынша қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қорғауда атқарған қызметтері үшін марапаттады.