ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІМ МАҚАН ЕСБОЛАТОВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 10 мамырдағы № 387 бұйрығымен құрылған және Академияның кәсіби даярлау факультетінің құрамына кіреді.
Кафедраның ғылыми әлеуеті: ғылым кандидаттары – 6 адам; ғылым магистрлері – 10 адам.
Жалпы бiлiм беретiн пәндер кафедрасы бiр немесе бiрнеше ұқсас пәндер бойынша оқу, әдiстемелiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, бiлiм алушылар арасында тәрбие жұмысын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Алматы академиясының негiзгi оқу құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
Кафедраның оқу жүктемесі кәсіби даярлау, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, басшы құрамды даярлау факультеттерінде оқытылатын кафедраға бекітілген мынадай пәндерден тұрады:
- Қазақ тілі;
- Орыс тілі;
- Шет тілі
- Қазақстан тарихы;
- Әлеуметтік-саяси модуль;
- Философия;
- 7. Ішкі істер органдары тарихы;
- Ғылым тарихы мен философиясы;
- Шет тілі (кәсіби).
Оқу-әдістемелік жұмыс білім беру процесін оқу-әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз етуге, профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық шеберлігін арттыруға, оқу жұмысының барлық нысандарының, түрлері мен тәсілдерінің сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешенін білдіреді.
Кафедра бастығы – философия ғылымдарының кандидаты, отставкідегі полиция полковнигі Садуакасова Дина Нигматуллаевна | ![]() |
Жеке құрамның фотолары | ![]() ![]() |
I. ІС-ШАРАЛАР:
1. Ашық сабақтар:


2. QUIZLET и NEARPOD инновациялық технологияларды оқу үрдісінде қолдану


3. Тәжірибелі мамандар мен ғалымдарды оқу үрдісіне қатыстыру:
Карибаев Берекет Бақытжанұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, «Құрмет» орденінің иегері | ![]() |
Қызылов Мирлан Ахмедияұлы –Қарағанды облысы бойынша сот әкімшілігі департаментінің басшысы заң ғылымдарының кандидаты, профессор, запастағы полиция генерал-майоры | ![]() |
ІІ. ЖОБАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
1. «ТҰЛҒАТАНУ»





2. «ENGLISH MOVIE NIGHT» ЖОБАСЫ


ІІІ. «ЖАС ДАРЫН» ҒЫЛЫМИ ҮЙІРМЕСІ
1. БІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ






2. ҮЗДІК ОҚЫТУШЫ



ІҮ. КУРАТОРЛЫҚ, ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ИМИДЖДІК ЖҰМЫСТАР






