
Жедел-іздестіру қызметі
кафедрасының бастығы
(PhD) полиция подполковнигі
Шидемов Азамат Гарифуллаевич
Жедел-іздестіру қызметі кафедрасы Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының Кәсіби даярлық факультетінің құрылымдық бөлімшесінің бірі болып табылады.
Кафедраның жұмысы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес, кәсіби білімі, дағдылары мен құзыреттері бар білікті кадрларды теориялық және тәжірибелік даярлауға бағытталған.
Кафедралардың құрылу тарихы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының даму тарихымен тығыз байланысты, ол 1956 жылдың 23 шілде айында КСРО ІІМ Алматы арнайы милиция орта мектебі құрылғаннан бастап қылмыстық іздестіру қызметкерлерін дайындау бойынша басталады. Әр түрлі кезеңдерде кафедра «Жедел-іздестіру қызметінің циклі», «Арнайы пәндер кафедрасы», «Ішкі істер органдарының жедел-іздестіру қызметі кафедрасы», 1992 жылдан бастап «Жедел-іздестіру қызметі кафедрасы» болып жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 463 бұйрығымен кафедра қайта құрылды.
Академияның және кафедраның өміріне жедел-іздестіру қызметі бағытында ғылыми және теориялық қалыптасуына өз үлестерін қосқан келесі ғалым қызметкерлерді атап өтуге болады:

Ахмадин А.А.
генерал-майор
милиции

Мулдахметов А.К.
полковник
внутренней службы

к.ю.н. Абдрахманов Б.А.
полковник
полиции

Джумабеков А.Н
полковник
полиции

Савин Ю.В
генерал-майор
милиции

к.ю.н. Хусайнов О.Б.
полковник
внутренней службы

Утепов А.У.
полковник
полиции

Абилезов Е.Т.
полковник полиции

к.ю.н. Сембиев С.Ж.
генерал-майор
милиции

к.ю.н., профессор Коржумбаева Т.М.
полковник
внутренней службы

Байсеитов Б.Т.
полковник
полиции
Кафедра құрылған сәттен бастап ғылыми жұмыстың басым бағыттары криминалдық полиция қызметінің қолданбалы мәселелері болды, олар кафедралардың ғылыми-зерттеу қызметі тақырыбында тұрақты орын алады. Оларға жедел-іздестіру қызметі саласындағы адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, жедел-іздестіру қызметін құқықтық реттеу; ішкі істер органдарының жедел бөлімшелерінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету; ішкі істер органдарының басқа ведомстволармен өзара іс-қимылы мәселелері жатады.



Бүгінгі таңда кафедраны Жедел-іздестіру қызметі кафедрасының бастығы, полиция подполковнигі Шидемов Азамат Гарифуллаевич басқарады. Кафедра құрамында: кафедра бастығының орынбасары, полиция подполковнигі А.Д. Сулейменов; кафедра профессоры, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Е.Т. Абилезов; кафедра доценті, философия докторы (PhD) Е.Д. Рахмет; кафедра доценті, полиция полковнигі Т.П. Мадалиев; кафедра доценті, полиция подполковнигі К.К. Тындыбаев; кафедраның доценті, полиция подполковнигі Ж.А. Рюстемова; кафедраның аға оқытушысы, полиция полковнигі А.С. Кабылбекова; кафедраның аға оқытушысы, полиция майоры С.М. Даулбаева; кафедраның аға оқытушысы, полиция майоры Р.А. Заппаров; кафедраның оқытушысы, з.ғ.к., полиция подполковнигі А.А. Токтыбаев; кафедраның оқытушысы, полиция майоры Д.Т. Аманова; кафедраның оқытушысы, полиция майоры Д.Б. Абдикенов; кафедраның оқытушысы, полиция капитаны А.Н. Абикенов және кафедраның кабинет бастығы, полиция аға лейтенанты Б.Н. Батурова.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жедел жұмыс негіздерін тәжірибелік іске асыру мәселелері бойынша заң шығару қызметіне белсенді қатысады. Кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамымен жинақталған оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметінің тәжірибесі, ішкі істер органдарының жедел жұмысының негізгі бағыттарының сипаты мен динамикасы жедел-іздестіру қызметінің әртүрлі құрылымдарымен ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастықты тұрақты дамытуға мүмкіндік береді.


Жедел-іздестіру қызметі кафедрасының “Жас із кесуші” ғылыми үйірмесі 2016 жылы құрылған. Қазіргі таңда Жедел-іздестіру қызметі кафедрасының аға оқытушысы Даулбаева С.М. “Жас із кесуші” ғылыми үйірмесінің жетекшісі. “Көшбасшы” атты пікірталас турнирінде үйірме 2-ші дәрежелі дипломмен және сертификатпен марапатталды. Ғылыми үйірменің курсанттары студенттер арасында “Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс қимыл” саласына байланысты өткізілген іс шарадан 2 орын алды. Алматы қаласы Ішкі саясаты басқармасымен ұйымдастырылған “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар:адалдыққа үйрену – жаңа норма” атты форум нәтижесінде үйірме мүшелері өз білімдерін өте жоғары деңгейде көрсетіп студенттер арасындағы “Адалдық – бәсекелестік артықшылығы” тақырыбындағы пікірталас сайысында және “Үздік видеоролик” конкурсында “Бас жүлде” жеңіп алды. Осындай еңбектерінің нәтижесінде Даулбаева Светлана Мухтаровна Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің грамотасымен марапатталды.
Байланыс ақпараты:
Жедел-іздестіру қызметі кафедрасы
Тел. 8(727)337-81-54
Электрондық пошта: ord@aacademymvd.kz
Фэйсбук: https://www.facebook.com/profile.php?id=100066890948047
Инстаграм: kafedra_ord
KZ