ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ҚЫЗМЕТІ КАФЕДРАСЫ

Жедел-іздестіру қызметі кафедрасы Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының Кәсіби даярлық факультетінің құрылымдық бөлімшесінің бірі болып табылады.

Кафедраның жұмысы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес, кәсіби білімі, дағдылары мен құзыреттері бар білікті кадрларды теориялық және тәжірибелік даярлауға бағытталған.

Кафедралардың құрылу тарихы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының даму тарихымен тығыз байланысты, ол 1956 жылдың              23 шілде айында КСРО ІІМ Алматы арнайы милиция орта мектебі құрылғаннан бастап қылмыстық іздестіру қызметкерлерін дайындау бойынша басталады. Әр түрлі кезеңдерде кафедра «Жедел-іздестіру қызметінің циклі», «Арнайы пәндер кафедрасы», «Ішкі істер органдарының жедел-іздестіру қызметі кафедрасы», 1992 жылдан бастап «Жедел-іздестіру қызметі кафедрасы» болып жұмыс істейді.

Академияның және кафедраның өміріне жедел-іздестіру қызметі бағытында ғылыми және теориялық қалыптасуна өз үлестерін қосқан келесі ғалым қызметкерлерді атап өтуге болады: Ахмадин А.А., Абдрахманов Б.А., Савин Ю.В., Хусайнов О.Б.

Кафедра құрылған сәттен бастап ғылыми жұмыстың басым бағыттары криминалдық полиция қызметінің қолданбалы мәселелері болды, олар кафедралардың ғылыми-зерттеу қызметі тақырыбында тұрақты орын алады. Оларға жедел-іздестіру қызметі саласындағы адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, жедел-іздестіру қызметін құқықтық реттеу; ішкі істер органдарының жедел бөлімшелерінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету; ішкі істер органдарының басқа ведомстволармен өзара іс-қимылы мәселелері жатады.

Бүгінгі таңда кафедраны ЖІҚ кафедрасының бастығы, полиция полковнигі Байсеитов Болат Темирбекович басқарады. Кафедра құрамында: кафедра бастығының орынбасары, полиция подполковнигі А.Д. Сулейменов, кафедра доценті, полиция подполковнигі К.К. Тындыбаев; кафедра доценті, полиция подполковнигі Т.П. Мадалиев; кафедраның аға оқытушысы, з.ғ.к., полиция подполковнигі Б.Н. Бейсеналиев, кафедраның аға оқытушысы, полиция подполковнигі К. Алмазқызы, кафедраның аға оқытушысы, полиция майоры Ж.А. Рюстемова; кафедраның оқытушысы, полиция капитаны       А.Ж. Тоқтақынбаев; кафедраның оқытушысы, полиция аға лейтенанты            Б. Ерболатқызы; кафедра кабинет бастығы, полиция аға лейтенанты                  Б.Н. Батурова.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы жедел жұмыс негіздерін тәжірибелік іске асыру мәселелері бойынша заң шығару қызметіне белсенді қатысады. Кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамымен жинақталған оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметінің тәжірибесі, ішкі істер органдарының жедел жұмысының негізгі бағыттарының сипаты мен динамикасы жедел-іздестіру қызметінің әртүрлі құрылымдарымен ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастықты тұрақты дамытуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта кафедралар келесі факультеттерде сабақтар өткізеді: басшылық құрамды даярлау; қосымша білім беру; Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; кәсіптік даярлық.

Байланыс ақпараты:

Жедел-іздестіру қызметі кафедрасы

Тел. 337-81-54

Электрондық пошта : ord@aacademymvd.kz

Фэйсбук: https://www.facebook.com/profile.php?id=100066890948047

Инстаграм: kafedra_ord

https://www.instagram.com/kafedra_ord?utm_source=qr&igsh=MWtvdzhpd3c0aHRrZg==