2025 жылдың 07 наурызы мен 02 мамыры аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы дарынды жастарды қолдау мақсатында колледждердің студенттері мен 11 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының кубогына “Жас із кесуші” республикалық сайысы Жедел-іздестіру қызметі кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді.
Ағымдағы жылдың 10-14 наурызы аралығында онлайн режимінде логикалық сауаттылық тақырыбында онлайн тест тапсыру бойынша сайыстың ІІ кезеңі өткізіліп, оған 120 үміткер қатысты.
Ағымдағы жылдың 26-29 наурызы аралығында онлайн режимде сайыстың II кезеңі өткізілді. Конкурсқа еліміздің түпкір-түпкірінен 24 үміткер сауаттылық тақырыбы бойынша тестілеуден сәтті өтіп сайысты әрі қарай жалғастырды.
Ағымдағы жылдың 18 сәуірі күні онлайн режимде сайыстың IIІ кезеңі өткізілді. Конкурсқа 24 үміткер қатысты. «Неге мен жедел уәкіл болғым келеді» атты тақырыбында презентациялар мен бейне роликтер дайындаған үміткерлер Zoom – платформасы арқылы онлайн форматта комиссия мүшелерінің қатысуымен сайыстың 3 кезеңінде алдын-ала дайындалған тапсырмаларды орындады. Конкурстың 3-ші кезеңнен сәтті өткен 3 қатысушы жеңімпаз атандып, олар марапаттауға қатысу үшін жетекшілерімен бірге Алматы академиясына келетін болды.
2025 жылдың 02 мамыры күні Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы ұйымдастырған «Жастар және полиция: ашық диолог және әріптестік» жастар форумының аясында “Жас із-кесуші” республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды, олар:
1 орын алған Маңғыстау облысы Қарақия кәсіптік колледжінің 2 курс студенті Торар Теміржан Жауынбайұлы;
2 орын алған Жамбыл облысы N5 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Азамат Толғанай Азаматқызы;
3 орын алған Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатының 11 сынып оқушысы Маратова Мейрим Мирасовна.
https://www.instagram.com/p/DHwN3bJiSiz/?igsh=OW9iM2dmaDZwdzVp
Жедел-іздестіру қызметі кафедрасы




