Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті (бұдан әрі Факультет) Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының (бұдан әрі-Академия) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Факультет 2019 жылғы желтоқсанда докторантура мен магистратураны біріктіру жолымен құрылды.
Факультетте оқу үрдісі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы
13 қаңтардағы № 23 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларынасәйкес жүргізіледі, және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы
№ 20 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ІІМ әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидалары, және таға да басқа құқықтық нормативтік актілермен, сонымен қатар Факультеттің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта факультетте білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады:
Докторантураның білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық бағытқа ие. Докторлық диссертацияны сәтті қорғағанан кейін «8D12301 – Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі беріледі. Докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік ұзақтығы – 3 жыл.
Ғылыми-педагогикалық магистратурасында білім алушыларға «7М12301-Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша оқыту мерзімі- 2 жыл. Магистрлік диссертацияны сәтті қорғағаннан кейін «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі» дәрежесі беріледі.
Бейіндік магистратурада білім алушыларға оқу Екі дипломды білім беру бағдарламасы бойынша «7М04112 – Жобаларды басқару» білім беру бағдарламасы мен бизнес және басқару магистрі және «7М12302 – Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі дәрежелерін бере отырыпжүзеге асырылады.Бейіндік магистратурада тереңдетілген басқарушылық және кәсіптік даярлығы бар ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім алынады. Оқу мерзімі – 1 жыл.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті қызметінің негізгі бағыты ел ішінде де, халықаралық деңгейде де құқық қорғау қызметі саласында білікті, бәсекеге қабілетті ғылыми және педагогикалық, сондай-ақ басқарушы кадрларды кешенді және сапалы даярлауды қамтамасыз ететін жаңа технологияларды енгізе отырып, білім беру үрсін ұйымдастыру болып табылады.
Қазіргі уақытта жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің бастығы қауымдастырылған профессор (доцент), полиция полковнигі Әлия Темірханқызы Байсеитова басқарады. Магистранттар мен докторанттарға жетекшілік етуді аға оқытушы-әдіскерлері полиция майоры Жанатбек Қанатбекұлы, полиция майоры Жиенгалиева Айгерим Алтынбековна және полиция майоры Жазира Мусатайқызы Турарбекова, полиция майоры Тана Турсунқызы Турсунова жүзеге асырады.
Факультет қызметкерлерінің құқық қорғау органдарында жеткілікті қызмет өтілімен және тиісті ғылыми-педагогикалық, әдістемелік дайындығы бар.