Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы
Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының ғылыми қызметінің тарихы 1956 жылдан бастау алатын оқу орнымыздың дамуымен тығыз байланысты. Сол уақытта ғылыми қызметпен айналысатын бөлімше болмағандықтан, бұл тапсырманы оқытушылардың өздері орындады.
1999 жылы ҚР ІІМ бұйрығына сәйкес осы жылдың 1 маусымында құрылған Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының ғылыми орталығы – ғылыми қызметпен айналысатын жеке бөлімше құру туралы шешім қабылданды.
ҚР ІІМ Академиясының бұйрығына сәйкес ғылыми орталықтың бірінші бастығы болып ішкі қызмет полковнигі Ғазиз Сырбайұлы Мәуленов, ал оның орынбасары (өзекті қылмыстық-құқықтық және криминологиялық проблемаларды әзірлеу жөніндегі зертхана бастығы) полиция майоры Игорь Валерьевич Себун тағайындалды.
1999-2003 жылдар аралығында ҚР ІІМ Академиясының ғылыми орталығының басшылары: полиция подполковнигі Гаухар Рүстембекқызы Рүстемова; ішкі қызметтің подполковнигі Виктор Григорьевич Мальчиков; полиция полковнигі Борис Әміржанұлы Әбдірахманов; полиция полковнигі Еркінбек Тианақбайұлы Жалбуров болды.
ІІМ академиясы Ғылыми-орталығының құрылымдық бөлімшелері: Өзекті қылмыстық-құқықтық және криминологиялық проблемаларды зерттеу жөніндегі зертхана (1 зертхана); Өзекті әкімшілік-құқықтық проблемаларды зерттеу жөніндегі зертхана (№2 зертхана); Алдын ала тергеу мен анықтаудың өзекті проблемаларын әзірлеу жөніндегі зертхана (№3 зертхана); Ішкі істер органдарында психология мен педагогиканың өзекті мәселелерін зерттеу жөніндегі зертхана (№4 зертхана); Ішкі істер органдарында ақпараттық-техникалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін зерттеу жөніндегі зертхана (№5 зертхана).
Ғылыми орталық Ішкі істер министрі қойған өзекті мәселелерді, қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша заңнамалық мәселелер мен нормативтік құжаттарды әзірлеумен айналысты. Зертханалар өз кезегінде практикалық органдардың қызметіне енгізу үшін ғылыми негізделген ұсыныстар берді.
2002 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының Ғылыми орталығы базасында Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі – ҒЗИ) құрылды.
ҒЗИ-ның негізгі міндеті қылмысқа ықпал ету шараларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу болды.
Сол кезде ҒЗИ жоспарлы тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді, ҚР ІІМ тапсырмасы бойынша жоспардан тыс экспресс-зерттеулер жүргізді, заңдар мен басқа да нормативтік актілердің жобаларын әзірледі, заң жобаларына сараптама жүргізді. ҚР ІІМ бөлімшелері қызметінің құқықтық, ұйымдастырушылық-практикалық және әдістемелік негіздерін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде ҒЗИ және Орталық зертханалары ішкі істер органдарының практикалық органдарымен, ҚР ІІМ салалық комитеттерімен және департаменттерімен, Интерпол ҰБО – ғылыми зерттеулерге тапсырыс берушілермен, сондай-ақ ТМД елдерінің ғылыми мекемелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Ұйымдық-штаттық мәселелер туралы» 21.11.2009 жылғы бұйрығымен ҒЗИ Алматыдан Астанаға көшірілді, содан кейін 2011 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Барымбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының штатына берілді..
2016 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен ҚР ІІМ Алматы академиясы жанынан Алматы академиясының құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ғылыми-зерттеу орталығы (ҒЗО) құрылды.
2016 жылы Ғылыми-зерттеу орталығын заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі Цой Анжелика Никифоровна басқарды.
2019 жылдан 2021 жылдың желтоқсанына дейін Ғылыми-зерттеу орталығын заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Цой Олег Романович басқарды.
2021 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ғылыми-зерттеу орталығын заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Кан Александр Герасимович басқарады.
Бірінші ұжым құрған дәстүрлерді кейінірек жұмыс істеген және қазіргі уақытта Ғылыми-зерттеу орталығының қызметін жүзеге асыратын ғылыми қызметкерлердің келесі толқыны лайықты түрде жалғастыруда.
Кан Александр Герасимович
Ғылыми-зерттеу орталығының құрамында үш бөлімше жұмыс істейді және 17 қызметкер еңбек етеді:
1. ІІО жедел-іздестіру қызметінің проблемаларын зерттеу бөлімшесі: бастығы әрі ҒЗО бастығының орынбасары – PhD, полиция подполковнигі Эльмира Михтатовна Насырова, , аға ғылыми қызметкер – PhD, полиция подполковнигі З. Мұратжан, аға ғылыми қызметкер – полиция подполковнигі Е.В. Гайдамашева, аға ғылыми қызметкер – полиция майоры Л.А. Жұмабекова, ғылыми қызметкер – з.ғ.к., полиция подполковнигі А. А. Тоқтыбаев
2. Қылмысқа қарсы іс-қимыл және заңнаманы жетілдіру проблемаларын зерттеу бөлімшесі: полиция бастығы – подполковнигі Сапаров Жансерік Жайшылықұлы, аға ғылыми қызметкер – полиция подполковнигі Югай М.Е., аға ғылыми қызметкер – PhD, полиция майоры А.Г. Шидемов, ғылыми қызметкер – з.ғ.д., профессор Т.К. Акимжанов, ғылыми қызметкер – полиция капитаны Умаров С.А.
3. ІІО басқарудың мәселелерін зерттеу бөлімшесі: аға ғылыми қызметкер – полиция подполковнигі А.Т. Берекенов, аға ғылыми қызметкер – з.ғ. к., Л.Т. Культемирова, ғылыми қызметкер – полиция майоры Р.Б. Мыңбаев, ғылыми қызметкер– з.ғ.д. А.А. Амангелді.
Ғылыми-зерттеу орталығының негізгі мақсаты: қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасы саласындағы, сондай-ақ тергеу-жедел және өзге де органдардың қызметіндегі ғылыми-практикалық проблемаларды анықтау, талдау және жүйелеу болып табылады.
ІІО жедел-іздестіру қызметінің проблемаларын зерттеу жөніндегі бөлімшенің басым бағыты қылмысқа жедел-іздестіру сипатындағы ықпал ету шараларын әзірлеуге және Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі саласындағы заңнамасын жетілдіруге бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу болып табылады.
Бөлімшенің қылмысқа қарсы іс-қимыл проблемаларын зерттеу және заңнаманы жетілдіру жөніндегі негізгі міндеттері: Қазақстан Республикасының тергеу және әкімшілік-құқықтық қызмет саласындағы заңнамасын жетілдіруге бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу; қазіргі жағдайда ішкі істер органдарының қызметін әлеуметтік-құқықтық және криминалистикалық қамтамасыз ету; қылмыстарды криминологиялық болжау және алдын алу болып табылады.
ІІО басқару проблемаларын зерттеу жөніндегі бөлімшенің негізгі бағыты ІІО жүйесінде әкімшілендіру жөніндегі ғылыми-зерттеу қызметінің басым бағыттарын айқындау; ІІО басқару мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; шұғыл ғылыми пысықтауды талап ететін өзекті мәселелер бойынша жоспардан тыс ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады; құқық қорғау қызметін оңтайландыруға байланысты заңнамалық, ведомстволық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, тұжырымдамалық және доктриналық құжаттарды дайындауға және әзірлеуге қатысу.
Ғылыми-зерттеу орталығының негізгі міндеттері:
* іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
* Қазақстан Республикасы ІІМ басшылығы дайындайтын басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін шұғыл ғылыми пысықтауды талап ететін өзекті мәселелер бойынша жоспардан тыс ғылыми зерттеулер жүргізу;
* жедел-іздестіру тергеу және әкімшілік-құқықтық қызметті жүзеге асыру, қылмыстың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша озық отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу және қорыту;
* заңнамалық, ведомстволық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, құқық қорғау қызметін оңтайландыруға байланысты тұжырымдамалық және доктриналық құжаттарды дайындауға және әзірлеуге қатысу;
* ішкі істер органдарының практикалық қызметіне, Академияның оқу процесіне жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін апробациялау, ғылыми сүйемелдеу және енгізу;
* монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, дәрістер, әдістемелік әзірлемелер, мақалалар, ақпараттық бюллетеньдер және т. б. дайындау;
* нормативтік құжаттардың жобаларына, оқу құралдарына, диссертацияларға, монографияларға және т. б. қорытындылар, пікірлер мен шолулар дайындау.;
* Академия магистранттары мен PhD докторанттарының ғылыми-зерттеу жұмысына басшылық жасау;
* мүдделі тұлғаларға консультациялық көмек көрсету.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Қадамдық қолжетімділік полициясы» тұжырымдамаларын іске асыру, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделін қалыптастыру, кадр саясатын жетілдіру – Ішкі істер органдарын жаңғыртудың осы және басқа аспектілері орталықта жүргізілетін ғылыми-зерттеу қызметінің бағыттарын айқындайды.
Ғылыми-зерттеу орталығының ұжымы 2009 жыл
Ғылыми-зерттеу орталығының ұжымы 2023 жыл