Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бірыңғай жүйесінде құқық қорғау қызметін басқару кафедрасы жетекші орынға ие ұзақ уақыттық тарихы бар бөлініс болып табылады. 90-жылдардан Академияда мемлекеттік-құқықтық пәндер және азаматтық-құқықтық пәндер кафедралары ішкі істер органдары үшін жоғары білімді мамандар даярлау ісіне өз үлесін қосып келді. 2016 жылы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрығымен аталған кафедралар біріктіріліп, жалпы құқықтық пәндер кафедрасы құрылды. Кейін 2018 жылдың 18 тамызындағы Қазақстан Республикасы ІІМ №588 бұйрығымен кафедра жалпы заң пәндері кафедрасы болып өзгертілді. Аталған кафедра базасында Қазақстан Республикасы ІІМ 2023 жылдың 25 мамырындағы №387 бұйрығымен Құқық қорғау қызметін басқару кафедрасы құрылды.
Кафедраның басты ерекшеліктерінің бірі кафедрада оқытылатын пәндердің мазмұнында, олар басқа заң пәндері үшін кіріспе пәндері болып табылады, мемлекет пен құқықтың, мемлекеттің конституциялық құрылымдарының негіздерін үйретеді.
Кафедра жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламасы, қосымша білім беру бағдарламалары, біліктілікті арттыру курстары және бакалавр бағыттарында жоғары білікті мамандарды даярлау үшін конституциялық құрылым, мемлекет пен құқық негіздері, құқық қорғау қызметі, Ішкі істер органдарында басқару ісі, идеологиялық және имидждік жұмыс бойынша оқытуды жүзеге асырады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы әрдайым теориялық және практикалық дайындықтың жоғары деңгейімен ерекшеленді.
Қазіргі уақытта кафедрада полиция подполковнигі PhD докторы Эльмира Михтатовна Насырованың басшылығымен қызмет атқарады: кафедра бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұрсулу Изатовна Ибраимова, кафедра профессоры з.ғ.д. полиция полковнигі Алия Темирхановна Байсеитова, Дамеш Аманжоловна Шаханова, кафедра доценті полиция полковнигі Гульнара Владиновна Курбанова, полиция подполковнигі Павел Владимирович Ситников, з.ғ.к. Балгын Амирбековна Торгаутова, аға оқытушылар полиция подполковнигі Айнур Шайзадақызы Абылкасымова, полиция подполковнигі Динара Тилеукановна Тилеуканова, полиция майоры Айым Маултаевна Султанова, кафедра оқытушылары кафедра майоры Альфия Копжасаровна Рахимбаева, полиция аға лейтенанты Гульзара Асетовна Кадирберлина, полиция аға лейтенанты Анна Сергеевна Сабанова, полиция аға лейтенанты Жансая Канатовна Скендырова, кафедра оқытушысы Баян Габбасовна Давлетова.
Кафедра профессорлық-оқытушылық құрамы Кәсіби даярлық факультеті, Қосымша білім беру факультеттерінде келесі пәндер бойынша сабақ жүргізеді: Құқық қорғау қызметінің жалпы теориясы; Құқық қорғау қызметінің тұжырымдамалық негіздері; Құқық қорғау органдарының қызметіндегі халықаралық стандарттар; Құқық қорғау органдарын басқарудың теориясы мен практикасы; Басқару психологиясы; Жоғары мектеп педагогикасы; Мемлекет және құқық теориясы; Конституция және мемлекеттік құрылым; Құқық қорғау қызметінің негіздері; Құқық қорғау қызметінде адам құқықтарын қамтамасыз ету; Полицияда қызмет өткерудің құқықтық негіздері.

Кафедраның негізгі міндеті – білім алушыларға терең білім беру, оларда ішкі істер органдары қызметкерлері үшін негізгі болып табылатын ар мен намыс тұрғысындағы парасаттылық пен шыншылдыққа сүйенетін нақты азаматтық ұстанымды тәрбиелеу. Кафедра қызметінде оқытудың сапасына баса назар аударылады.
Кафедра ұжымы ғылыми-зерттеу жұмысымен ұдайы айналысады. Бекітілген ғылыми-зерттеу тақырыбына сәйкес ғылыми ізденістер жүргізеді, іс-шараларды атқарады. Кафедра қызметкерлерінің авторлығымен монографиялар, оқу құралдары, әдістемелік ұсынымдар, ғылыми мақалалар үнемі жарық көріп тұрады. Кафедрада курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруда Г.А. Кадирберлинаның жетекшілігімен «Правовед» үйірмесі өзінің нәтижелерін көрсетуде.
Кафедра ұжымы Ішкі істер органдарындағы идеологиялық және имидждік жұмысты, тәрбие жұмысын жүзеге асыруға да белсене ат салысады. Идеологиялық және имидждік жұмыс бойынша мамандардың біліктілігін арттыру курстарында бейіндік кафедра болып табылады. Кафедра Академияның әлеуметтік желілерінде және кафедраның инстаграмм парақшаларында «апта дәйексөзі», «ишара тілін оқыту әдісі» рубрикаларын жүргізеді, «біздің полиция», «полиция өмірінен бір күн», «заң және тәртіп», «білгеніңіз абзал», «айтылды-орындалды» хеш-тэгтерімен жарияланымдар жасап отырады.
Кафедра оқытушылары бекітілген топтарда кураторлық атқара отырып, курсанттардың бойына патриотизм, Анты мен қызметіне адалдық, әділеттілік, ІІО ардагерлеріне деген құрмет сезімі сияқты құндылықтарды дарытуға да зор көңіл бөледі.