ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУ КАФЕДРАСЫ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының Кәсіби даярлық факультетінің құқық қорғау қызметін басқару кафедрасы білім беру, әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысын жүзеге асыратын оқу құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кафедра Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 10 мамырдағы № 387 бұйрығымен құрылды.

Кафедра жоғары білімі бар жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды, Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындары жүйесі үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бойынша оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын кәсіби деңгейде ұйымдастырады және жүзеге асырады. Әртүрлі санаттағы қолданыстағы полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстары бойынша жұмыс жүргізеді.

Кафедра қызметкерлері қызметінің негізгі қағидаттары: білім берудің қолжетімділігі мен сапасы, білім беру процесін ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысымен кеңінен интеграциялау, сондай-ақ ішкі істер органдары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың инновациялық технологиялары болып табылады.

Кафедраны полиция полковнигі Майя Болатовна Токсанова басқарады.


Кафедра өз қызметін жүзеге асыру аясында келесі негізгі міндеттерді шешеді:

1) Кафедраға бекітілген пәндер бойынша білім беру қызметін және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының білікті мамандарға қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған жоспарланған оқу жүктемесін қазіргі деңгейде ұйымдастыру және жүзеге асыру.

2) Оқытылатын пәндер мен оқу курстарын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу және жетілдіру, жаңа білім беру технологияларын, оқыту нысандары мен әдістерін енгізу, Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметінің оң практикалық тәжірибесін пайдалану.

3) Профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби шеберлігін, ғылыми біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру.

4) Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлау жүйесін жетілдіруге және ішкі істер органдарының құқық қолдану қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыру.

5) Профессорлық-оқытушылық құрамымен және білім алушылармен тәрбие, мәдени-ағарту, әлеуметтік жұмыс, қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту бойынша жұмыс жүргізу.

Штат кестесі бойынша 18 адам. Кафедрада тәжірибелі және кәсіби профессорлық-оқытушылық құрамы қызмет етеді: кафедра бастығының орынбасары, полиция полковнигі Н.И. Ибраимова; кафедра профессорлары: з.ғ.д., профессор Г.Р. Рустемова, з.ғ.к., профессор Е.Т. Әбилезов, з.ғ.д., профессор Д.Т. Кенжетаев, кафедра доценттері: полиция полковнигі Г.В. Курбанова, полиция подполковнигі Д.А. Сагандыкова, полиция майоры П.В. Ситников; аға оқытушылар: полиция подполковнигі Р.Б. Сейсембекова, полиция майоры А.М. Султанова, полиция майоры А.А. Умбетова; оқытушы: полиция лейтенанты Г.А. Кадирберлина.

Еркін жалдау бойынша кафедрада келісімшарт негізінде 7 оқытушы жұмыс істейді.

Кафедра қызметінің негізгі бағыттары:

Оқу жұмысы (білім беру)

6В12301, 6В12302, 6В12303, 6В06101, 7М12301, 7М12302, 8D12301 білім беру бағдарламалары бойынша оқу жұмыс жоспарларына сәйкес кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы келесі оқу пәндері бойынша сабақтар өткізеді:

6В12301 — «Құқық қорғау қызметі», жоғары білім беру бағдарламасы бойынша – «Конституция және мемлекеттік құрылым»;

6В12301 — «Құқық қорғау қызметі», 6В12302 — «Ішкі істер органдарының қызметін IT-криминалистикалық қамтамасыз ету», 6В06101 — «Ақпараттық жүйелер мен технологиялар», 6В12303 — «Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету» жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша – «Ақпараттық құқық және қауіпсіздік негіздері»;

6В12301- «Құқық қорғау қызметі», жоғары білім беру бағдарламасы бойынша – «Мемлекет және құқық теориясы»;

7М12301- Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура – «Басқару психологиясы», «Жоғары мектеп педагогикасы», «Құқық қорғау қызметінің тұжырымдамалық негіздері», «Құқық қорғау органдарының қызметіндегі халықаралық стандарттар»;

7М12302 —  «Құқық қорғау қызметі», 7М04102 —  «Жобаларды басқару» бейіндік бағыттағы магистратура – «Құқық қорғау органдарын басқарудың теориясы мен практикасы»;

  8Д12301 PhD Докторантура – «Құқық қорғау қызметінің жалпы теориясы».

Қосымша білім беру, басшы құрамды даярлау факультеттерінде, сондай-ақ экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандарды даярлау жөніндегі орталықтың, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандарды даярлау жөніндегі ведомствоаралық орталықтың, Кибер қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандарды даярлау орталығының, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандарды даярлау және Идеологиялық және имидждік жұмыс мамандарын даярлау орталықтарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарында полиция және басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әртүрлі санаттарымен оқу сабақтарын және практикаға бағдарланған тренингтер өткізу.

Байланыста болыңыз

Біздің ай сайынғы ақпараттық бюллетеньге жазылу арқылы хабардар болыңыз.

Біз жайлы

Көмек

  • Жиі қойылатын сұрақтар

  • Өзекті мәселелер

  • Құпиялық саясаты

© Alpolac. Все права защищены.