Жетістіктер

         Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы – тұрақты инновациялық ғылыми-білім беру ұйымы, ғылым, білім және құқық қорғау саласындағы озық тәжірибені тиімді біріктіретін жаңа буынды Академия.

         ІІМ Алматы академиясының миссиясы – ішкі істер органдарын қылмысқа қарсы іс-қимылды, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін озық білімді және кәсіби құзыретті жаңа форматтағы жоғары кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету орталығы болу. Академия кадрлар даярлаудың тиісті бағыттары бойынша жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

         Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары ішкі істер органдарының тиісті қызмет салалары үшін мамандар даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Академияда білім алушылардың барлық санаттары: курсанттан бастап ІІМ орталық аппараты департаменттерінің және облыстық полиция департаменттерінің бірінші басшысына дейін оқытылады.           

        2021 жылдан бастап Академияда басқарушы кадрларды даярлау факультеті және қосымша білім беру факультеті жұмыс істейді. Жаңа факультеттер ашудың алдында көптеген талдау жұмыстары жүргізілді. Полиция басшылығын даярлайтын арнайы оқу орындарының әлемдік тәжірибесі зерттелді. Соның ішінде басқарушылық, техникалық және коммуникациялық дағдыларды, көшбасшылық қабілеттерді дамыту жүйелі түрде оқытылатын Ұлыбританияның, Германияның, Жапонияның және Ресейдің озық тәжірибесі негізге алынды.           

         Курстар барысында тыңдаушылар әкімшілік-шаруашылық қызмет, қаржылық-құқықтық сауаттылық, жобалық, дағдарыс және HR-менеджмент, шешендік өнер, коммуникация дағдылары және тұрғындармен тиімді байланыс жасау дағдыларын меңгереді.            Факультеттердегі сабақ барысына Ішкі істер министрлігінің басшылығынан және ІІМ орталық аппараты басшылығынан шақырылған лекторлар, аумақтық полиция департаменттерінің бастықтары, ішкі істер органдарының, басқа да құқық қорғау және мемлекеттік органдардың ең тәжірибелі мамандары, қоғамдық ұйымдардың және БАҚ өкілдері, Парламент депутаттары, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, ЕҚЫҰ және БҰҰДБ сарапшылары, ТМД елдері мен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, ішкі істер органдарының ардагерлері тартылған.           

        Оқу-жаттығудың қорытынды кезеңінде білім алушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан бөлімшелерімен бірлесіп өткізілетін командалық-штабтық оқу-жаттығуларға қатысады, онда тыңдаушылар алған білімдері мен дағдыларын әдеттегі дағдарыстық жағдайлар кезінде (әлеуметтік жанжалдар, экстремистік көріністер, төтенше жағдайлар және т.б.) қолдануға машықтанады.

         Қосымша білім беру факультетінің тиісті орталықтары есірткі және киберқылмыс, экстремизм, ұйымдасқан қылмыспен күрес және идеологиялық-имидждік жұмыс жөніндегі мамандардың біліктілігін арттыру курстары бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда.


            Қосымша  білім беру бағдарламаларын іске асыру аясында Академияда «Мобильді академия» жобасы іске қосылды, оны сәтті жүзеге асыру нәтижесінде академияның профессорлық-оқытушылық құрамы облыстық ішкі істер департаменттері орналасқан жерлерге барып, 150-ден астам орта басшы құрамды жобаны басқару дағдылары мен полиция жұмысындағы сервистік қызмет көрсету тәсілдеріне үйретті. Бұл жобаның айрықша ерекшелігі – өндірістік кәсіптік оқыту курсы форматының өзгеруі, яғни тыңдаушылардың жұмыстан қол үзбей білім алуы болып табылады.           

           Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша жекеменшік әріптестік институтын жүзеге асыру аясында ашылған Академияның Киберполигонында киберқауіпсіздік жүйесі бойынша тиісті бөліністердің қызметкерлерін ведомствоаралық оқыту жүргізілуде. Жастарды ішкі істер органдарына қызметке тарту бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында тұрақты негізде «Полициядағы бір күн» жобасы қолға алынды, оны жүзеге асыру тек Академияға келумен ғана шектелмейді, сондай-ақ аумақтық полиция бөлімшелерінің базасына барып та іс-шаралар өткіземіз. Бұл жобаның сәтті жүзеге асуына қазіргі уақытта облыстық ішкі істер департаменттерінде басшылық қызметтерді атқарып жүрген Алматы академиясы түлектерінің жеке қызығушылық факторы да ықпал етуде. Осылайша Алматы, Маңғыстау, Жетісу және Павлодар облыстары Полиция басқармаларының бірінші басшыларының көмегінің арқасында іске асырылған бірлескен жоба ІІД-нің осы бөлімшелердегі қызметке кандидаттар санының артуына және ведомстволық білім беру ұйымдарында білім алуды арттыруға ықпал етті.            

           Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бағдарламалары ішкі істер органдары үшін ғылыми, ғылыми-педагогикалық және басқарушы кадрлар даярлауға бағытталған. Құқық қорғау жүйесін реформалау және ішкі істер органдарын жаңғырту жағдайында ішкі істер департаменті басшылығының жаңа форматын дайындауды қамтамасыз ету мақсатында ведомстволық білім беру орындары тарихында тұңғыш рет 2021 жылы Академияда қос дипломдық бағдарлама жүзеге асырыла бастады. Бұл жобаны жүзеге асыру Серіктес университет – Алматы менеджмент университетімен жасалған ынтымақтастық туралы келісімнің арқасында мүмкін болды.           

          Қос дипломды бағдарлама бойынша бейінді бағыттағы магистратураға аумақтық полиция бөлімшелерінің басшы лауазымдарына кадр резервінде тұрған ішкі істер органдарының қызметкерлері түсе алады. Курсты аяқтағаннан кейін түлектерге екі жоғары оқу орнының және төменегідей екі дәрежелі дипломдар тапсырылады: — «Жобаларды басқару» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару магистрі; — «Құқық қорғау органдары» білім беру бағдарламасы бойынша ұлттық қауіпсіздік және әскери істер магистрі.


            Кәсіби дайындық факультеті ішкі істер органдары үшін бакалавриат бағдарламалары және бастапқы кәсіби дайындық курстары бойынша  кадрлар даярлауды жүзеге асырады. 2023 жылдан бастап Академия ішкі істер органдарын IT-технологиялар, IT криминалистер, криминалдық және әкімшілік полиция, ұйымдасқан қылмысқа, экстремизмге, есірткінің заңсыз айналымы мен киберқылмысқа қарсы күрес саласында маманданған жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етуге арналған жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды қайта бастады. Қылмысқа қарсы күрес саласындағы заманауи шындықтарды ескере отырып, полиция кадрларын даярлаудың шетелдік тәжірибесін талдау негізінде факультетте жаңа форматтағы мамандандырылған полиция кадрларын даярлау бағдарламасы енгізілді. Оқу процесінің ерекшелігі алғашқы қадамдардар-ақ практикамен тығыз байланыста болу, болашақ мамандығының дағдыларына үйрету болып табылады.

           Оқу процесінде арнайы мамандық бойынша теориялық және практикалық оқытуды Академияның тиісті оқу орталықтары мен кибер полигоны базасында орталық қызметкерлерін, жетекші ғалымдарды және ІІО қызметтері бойынша кафедралардың тәжірибелі қызметкерлерін тарта отырып, арнайы кафедралар жүзеге асырады. Тәжірибеге бағытталған тәсіл полицияның аумақтық бөлімшелеріне барып оқыту арқылы да қамтамасыз етіледі.           

           Оқытудың ең маңызды аспектісі – полицияның жауынгерлік дайындығы. Осыған байланысты, Академияда оқу кезінде полицияның арнайы тактикасына ерекше көңіл бөлінеді, сабақтар арнайы жабдықталған жедел-тактикалық полигондарда, нақты жағдайға жақын  өткізіледі. Арнайы мақсаттағы жасақ бөлімшелеріндегі (СОБР) қызметке үміткерлер бастапқы кәсіби дайындық курстарында Тактикалық-арнайы дайындық кафедрасы арнайы әзірлеген бағдарламаға сәйкес оқытылады. Сондай-ақ әйелдерден жасақталған СОБР офицерлерінің санатына арналған осындай оқу бағдарламасы да сәтті сынақтан өтіп, табысты болды.


           Академияда академиялық сапаны қамтамасыз ету саясатының тетіктері оқу-әдістемелік жұмыстағы озық тәжірибені тарату және кәсіби біліктілікті арттыру шаралары болып табылады. Профессорлық-оқытушылар құрамының білім беру технологиялары мен оқыту әдістемесі, сондай-ақ жобаларды басқару профилі бойынша тағылымдамадан өтуі және біліктілігін арттыру жоспарлы негізде ұйымдастырылады. Қазіргі уақытта профессорлық-оқытушылық құрамның 80%-дан астамы соңғы екі жылда оқытылатын пәндер профилі бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

         Академия қызметкерлері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуден өту кезінде талап етілетін деңгейден 100 %-дан асып түсті. 2022 жылдан бастап Академияда кафедралардың кадрлық әлеуетін дамыту жүйесі болып табылатын KPI қызметінің негізгі көрсеткіштері негізінде профессорлық-оқытушылық құрамның қызметін бағалау саясатын жүзеге асырылып, табысты жұмыс істеп келеді. Академияның академиялық саясаты білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың заманауи білім өлшемдеріне негізделген инновациялық жүйесін қолданады. Академияның оқу үдерісіне сабақтарды өткізудің интерактивті әдістері мен шығармашылық формалары белсенді түрде енгізілуде. Осы мақсатта педагогикалық ұжым үшін педагогикалық тәжірибені, оқытудың жаңа технологияларын және сабақ өткізудің заманауи әдістерін оқу-тәрбие үдерісіне зерделеу, жалпылау және енгізу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде. Академияда жыл сайын заманауи білім беру және кейс негізіндегі технологиялар, тиімді оқыту әдістері бойынша ақпараттық-әдістемелік семинарлар мен тренингтер, сондай-ақ жас мұғалімдерге арналған педагогикалық шеберлік курстары өткізіледі.

            Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы Ішкі істер министрлігінің білім беру қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс топтарының жұмысына қатысады. Кафедра қызметкерлері орталықтармен бірлесе ақпарттық технологияларды пайдалана отырып, нашақорлықпен және алаяктықпен күресуге арналған бейнероликтер дайындап, ол қазiргі таңда Алматы қаласының метрополитені мен елiмiздiң кинотеатрларында көрсетіліп жатыр. Академияның 15 қызметкері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында «Жобаларды басқару» курсы бойынша білім алып, сертификатқа ие болды.

          Мемлекеттік тапсырыстарды орындау шеңберіндегі білім беру бағдарламаларын іске асырумен қатар, Академия ақылы білім беру қызметтерінің кешенін кеңінен енгізуде. Қазіргі уақытта Академия қызметкерлерінің тек полиция қызметкерлеріне ғана емес, басқа да мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлік субъектілеріне құқық қорғау қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша әзірлеген авторлық кейстері белсенді қолданылып жатыр.


Жоғары
Байланыста болыңыз

Біздің ай сайынғы ақпараттық бюллетеньге жазылу арқылы хабардар болыңыз.

Біз жайлы

Көмек

  • Жиі қойылатын сұрақтар

  • Өзекті мәселелер

  • Құпиялық саясаты

© Alpolac. Все права защищены.