ӘСКЕРИ және АРНАЙЫ — ТАКТИКАЛЫҚ ДАЯРЛЫҚ КАФЕДРАСЫ

Әскери және арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының қалыптасуы мен дамуы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының дамуымен тығыз байланысты. 1991 жылдың шілде айында жауынгерлік және арнайы дайындық кафедрасының негізінде, КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі милиция  факультеті және КСРО ІІМ Алматы ССШМ әскери пәндер циклінің негізінде құрылған кафедра «Жұмылдыру және арнайы – тактикалық дайындық кафедрасы» және «Арнайы тактикалық дайындық» деп аталған. Оның қызметінде «Азаматтық қорғаныс» және «Арнайы — тактика» пәндеріне басымдық берілді.

Келесі кезеңде кафедра Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 10.05.2023 жылғы № 387 бұйрығымен ұйымдастырылды және Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының кәсіптік даярлау факультетінің құрамына кірді.

2021 жылдың желтоқсан айынан бастап кафедраны полиция полковнигі Цой Олег Романович басқарады.

Бүгінгі таңда кафедра келесі пәндер бойынша сабақтар өткізеді:

  • Арнайы-тактикалық даярлық
  • Атыс дайындығы
  • Әскери дайындық
  • Арнайы күштерге арналған бірыңғай оқыту жүйесі (ESPS) бағдарламасы.

Кафедраның негізгі міндеттері мен функциялары:

         Кафедраның міндеті — ІІО үшін ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, қызметтік тәртіп, ІІО корпоративтік мәдениеті, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған. Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білікті кадрларды даярлау.

Кафедра жұмысы, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларының мазмұнына сәйкес мамандарды теориялық және практикалық даярлауға бағытталған. Кафедрадағы оқу қызметі күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша, оның ішінде ІІО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарында қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Қосымша білім беру – басшылық құрамды даярлау факультетінде, сондай-ақ полиция және басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің түрлі санаттары мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандарды даярлау жөніндегі орталықтың, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандарды даярлау жөніндегі ведомство  аралық орталықтың, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандарды даярлау жөніндегі орталықтың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарында оқу сабақтарын және практикаға бағытталған тренингтер жүргізу.

Әдістемелік жұмыс

Бүгінгі күні кафедра қызметкерлері 2023-2024 оқу жылына арналған барлық оқытылатын пәндер мен дайындық бағыттары бойынша оқу-әдістемелік кешендер әзірленуде. Бүгінгі таңда мемлекеттік және орыс тілдерінде «Тапаншадан практикалық атудың негізгі дағдылары» атты оқу-әдістемелік құралы және орыс тілінде «Правила ношения форменного обмундирования и знаков различия для сотрудников органов внутренних дел РК», «Материальная часть оружия», «Строевая подготовка», «Огневая подготовка для сотрудников органов внутренних дел». атты әдістемелік нұсқау дайындалды.    


Кафедраның құрылымы мен штаты:

         Кафедраның құрылымдық және штаттық кестесі Қазақстан Республикасының заңнамасында және ІІМ нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының ІІМ бекітетін үлгілік құрылымға сәйкес әзірленеді және бекітіледі.

         Кафедра штаты академиядағы оқу процесінің ерекшелігін ескере отырып, профессорлық-оқытушылық құрамның жұмыс көлемі мен орташа жылдық педагогикалық жүктемесіне қарай айқындалады.

             Штат бойыңша Кафедра құрамы төмендегідей:

  1. Кафедра бастығы — 1 бірлік.;
  2.   Орынбасары — 1 бірлік;
  3. Доценттер — 3 бірлік;
  4. Аға оқытушылар – 5 бірлік.;
  5. оқытушылар — 5 бірлік.;
  6. Тир бастығы — 1 бірлік;

Кафедра қызметін ұйымдастыру:

 

  1. Кафедра заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Кафедра жұмысы жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша білім берудің, сондай–ақ арнайы бастапқы оқытудың білім беру бағдарламаларының мазмұнына сәйкес мамандарды теориялық және практикалық даярлауға бағытталған.
  3. Кафедра өз қызметін жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
  4. Кафедра қызметінің мәселелерін талқылау, тиісті шешімдер қабылдау үшін айына кемінде бір рет бастықтың төрағалық етуімен кафедра отырыстары өткізіледі, оған кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, қажет болған жағдайда білім алушылар мен академияның құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысады.
  5. Бастық өз орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін және кафедра қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды; қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
  6. Кафедра бастығының орынбасары өз құзыреті шегінде кафедра қызметін үйлестіреді; бастық болмаған кезеңде кафедраның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімшеге жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жауапты болады; қолданыстағы заңнамамен өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы төмендегідей:

№ р.н.

Лауазымы

Арнаулы атағы

Аты-жөңі

1

Кафедра бастығы

полиция полковнигі

Олег Романович Цой

2

Кафедра бастығының орынбасары

полиция подполковнигі

Арман Тасбулатович Абдахметов

3

Доценті

полиция подполковнигі

Азамат Рақымбердіұлы Батымбетов

4

Доценті

полиция подполковнигі

Амреева Актолкын Айтхановна

5

Доценті

полиция майоры

Чингиз Айдарұлы Исабаев

6

Аға оқытушысы

полиция подполковнигі

Ермұхаммед Бегалыұлы Асанбаев

7

Аға оқытушысы

полиция подполковнигі

Асел Орынбасарқызы Аубакирова

8

Аға оқытушысы

полиция майоры

Жасұлан Тұнғышбайұлы Жағалов

9

Аға оқытушысы

полиция майоры

Ыбырай Серікбайұлы Аташов

10

Аға оқытушысы

полиция подполковнигі

Касымов Азамат Нурсултанович

11

Кафедра оқытушысы

полиция капитаны

Абитаев Жарас Талгатулы

11

Кафедра оқытушысы

полиция аға лейтенанты

Тілеулесов Бексұлтан Бақытұлы

12

Кафедра оқытушысы

запастағы полиция полковнигі

Сергей Иванович Архипов

13

Кафедра оқытушысы

запастағы полиция майоры

Андрей Петрович Артюшкин

14

Кафедра оқытушысы

запастағы полиция подполковнигі

Андрей Сергеевич Волков

15

Тир бастығы

полиция капитаны

Айдос Санатбайұлы Абдикеримов


Кафедраның басқа да жұмыс түрлері мен жетістіктері:

  1. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы басқа бөлімшелермен және құрылымдармен өзара әрекеттесу немесе оқытуға қатысты қалалық іс-шараларға белсенді қатысады.
  2. Академияның күнтізбелік жоспарына сәйкес академияның тұрақты және ауыспалы құрамы мен саптық дайындықпен айналысады.
  3. Жауынгерлік және қызметтік даярлық бөлімі бойынша Академия қызметкерлерімен «Атыс даярлығы» және «Арнайы-тактикалық дайындық» пәні бойынша сабақтар өткізеді.
  4. Академияның жиынтық жасағының жеке құрамымен өткізілетін тәжірибелік сабақтарға басшылық етеді.
  5. Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есбулатов атындағы Алматы академиясының жиынтық жасағына кіретін тыңдаушылар, курсанттар мен командирлерді оқыту үшін Алматы қаласы ПД ЖҚАЖ қызметкерлерін қатыстырады.
  6. Академияның ауыспалы құрамы мен кіші командирлер оқуын жүргізеді.

          Академияның тұрақты және ауыспалы құрамы бар арнайы полигондарда «Атыс дайындығы» оқу пәні бойынша атыс қаруынан практикалық атулар өткізеді.

Полиция полковнигі Цой Олег Романович 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласы Полиция департаментінің ғимаратын және қоғамдық тәртіпті қорғаудағы кәсіби қызметі мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Ерлігі үшін»  Мемлекеттік наградасымен марапатталды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министірі мен М.Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы, кафедра қызметкерлерін Алматы қаласы бойынша қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қорғауда атқарған қызметтері үшін марапаттады.

Байланыста болыңыз

Біздің ай сайынғы ақпараттық бюллетеньге жазылу арқылы хабардар болыңыз.

Біз жайлы

Көмек

  • Жиі қойылатын сұрақтар

  • Өзекті мәселелер

  • Құпиялық саясаты

© Alpolac. Все права защищены.