БАКАЛАВР

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатовтындағы Алматы академиясы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жетекші оқу орындарының бірі болып табылады.

Академия «6B12301-Құқық қорғау қызметі», «6B12302-ІТ-ІІО қызметін криминалистикалық қамтамасыз ету», «6B12303-Кибер қауіпсіздікті қамтамасыз ету» «6B06101-Ақпараттық жүйелер және технологиялар» білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды.

        Біздің оқу орнымыз бірнеше бағыттар бойынша мамандарды даярлауға бағытталған: жедел-іздестіруқызметі, ІІО ІТ- криминалистикалық қызметін қамтамасыз ету, киберқылмыстарға қарсы күрестіжүргізетін бөлімшелер үшін, сондай – ақ техникалық бағыттар үшін-ақпараттық жүйелер және технологиялар (деректер базасы).

Алматы академиясында оқытудағы артықшылықтар:

– мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға қабылдау және оқыту. Абаттандырылған жатақханада тұру, заманауи техникамен жабдықталған заманауи аудиторияларда оқу, стипендия алу, тамақпен, заттай үлеспен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету, тегін спорт секциялары (тренажер және күрес залдары, сондай-ақ олимпиадалық стандарттарға сай келетін бокс рингі), тұрғылықты жеріне тегін жол жүру (поездбен) және кері қайту;

– күндізгі оқу нысаны бойынша оқу мерзімі мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі;

– толық оқу курсын аяқтаған әрбір түлек 100% жұмысқа орналасады;

– оқуды аяқтағаннан кейін түлектерге «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы Бакалавр» біліктілігі тағайындалып, мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі, сондай-ақ “полиция лейтенанты”арнайы атағы беріледі.

Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға орта білімі бар, он алты жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Ол үшін:

Оқуға ақпан-мамыр айлары аралығында оқуға түсуші тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне жүгінуі немесе тікелей қабылдауға тиісті құжаттарды рәсімдеу үшін Алматы академиясының сайтына https://alpolac.edu.kz/ сілтемесі бойынша кіруі қажет.

«Құқық қорғау қызметі», «ІТ-ІІО қызметін криминалистикалық қамтамасыз ету», «Кибер қауіпсіздікті қамтамасыз ету»білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін (шығармашылық емтиханнан басқа)екі бейіндік пәнді таңдауға болады;

«Ақпараттық жүйелер және технологиялар»білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін келесідей екі бейіндік пән таңдауы тиіс: 1. «Математика» және 2. «Физика».

Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50 балл, оның ішінде әрбір пән бойынша кемінде 5 балл жинау қажет және де «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» пәндерінен кемінде 3 балл болуы қажет.

Медициналық куәландырудан және ҰБТ-дан сәтті өткен адамдар, медициналық және физикалық көрсеткіштердің нәтижелерін ескере отырып, ҰБТ қорытындысына сәйкес конкурсқа қатысу үшін оқу-далалық лагеріне шақырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы қатарында міндетті әскери қызмет өткерген, үміткерлер үшін белгіленген талаптар бойынша шекті балл жинаған, ҰБТ нәтижелері бойынша 100 және одан жоғары балл жинаған тұлғалар, спорт шеберлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің балалары конкурссыз қабылданады.

Толығырақ ақпаратты ІІМ Алматы академиясының сайтынан (apa.gov.kz) немесе келесідей телефон нөмерлері арқылы біле аласыз:  +7-705-755-25-77 (WhatsApp) полиция майоры Каржаубаева Айсулу Чакирбаевна, + 7-700-375-52-82 (WhatsApp) полиция майоры Тилеуканова Динара Тилеукановна, +7-708-684-49-70 (WhatsApp) полиция капитаны Тургунбаева Альбина Маратовна,+7-775-930-55-88 (WhatsApp) полиция аға лейтенанты Бейлқызы Мадина.

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША КАНДИДАТТАРДЫ ІРІКТЕУ СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ОРЫНДАУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕН ЖҮРГІЗІЛЕДІ:

1. 100 метрге жүгіру (ұлдар, қыздар);

2. 1000 метрге жүгіру (кросс) (ұлдар, қыздар);

3. Турникке тартылу (ұлдар);

4. 1 минут бойы шалқасынан жатып денені көтеру (қыздар).

ІІМ арнаулыоқуорындарынакандидаттар үшін денешынықтырубойынша

нормативтер

Ұлдар

АтауыБаға
өте жақсыжақсықанағаттанарлық
1.100 метрге жүгіру (сек.)14.014.515.0
2.1000 метрге жүгіру (мин/сек)3.403.504.00
3.Турникке тартылу (саныет)1197

Қыздар

АтауыБаға 
өте жақсыжақсықанағаттанарлық
1.Жүгіру 100 м. (сек.)16.016.517.0
2.Жүгіру 1000 м. (мин/сек.)4.405.005.20
3.1 минут бойы шалқасынан жатып денені көтеру(саныет)353025