Жалпы ақпарат

Ғылыми кеңес Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы алқалық басқарудың жоғары органы болып табылады. Ғылыми кеңес жоғары оқу орнының одан әрі даму траекториясын айқындауда шешуші болып табылады.

Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, 22.11.2007 ж. бекітілген Жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын, сондай-ақ Академия Жарғысын басшылыққа алады.

Ғылыми кеңестің төрағасы – Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы, саяси ғылымдарының докторы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, полиция генерал-майоры Айдар Мүтәлікұлы Сайтбеков.

Ғылыми кеңес төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), полиция полковнигі Ержан Малайұлы Бимолданов.

Ғылыми кеңестің ғалым хатшысы – заң ғылымдарының докторы, профессор Жанар Аманжанқызы Кегембаева.

Ғылыми кеңестің қызметі өз құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылаудың жариялылығына негізделеді.

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы Ғылыми кеңесінің қазіргі құрамына 35 адам кіреді, оның ішінде 4 (төрт) ғылым докторы және 102 (он) ғылым кандидаты, 3 (үш) философия докторы (PhD) және 1 (бір) Қазақстан Республикасының спорт шебері.

Ғылыми кеңес қызметінің мақсаттары келесілер болып табылады:

1)  кәсіптік оқу бағдарламаларын табысты іске асыру мақсатында Академияның білім алушылары мен профессорлық-оқытушылық құрамы үшін қажетті жағдайлар жасау;

2)  Академияның қаржы саласын реттеу, материалдық-техникалық базасын нығайту;

3)  Академияның одан әрі дамуына жәрдемдесу.

Ғылыми кеңестің шешімдері міндетті түрде орындалуға тиіс. Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуын бақылау ғалым хатшыға жүктеледі.

Ғылыми Кеңестің құзыретіне жатады:

1)  Академия Жарғысын қарау және мақұлдау, қажет болған жағдайда оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

2)  Академияның құрылымдық бөлімшелерінің Ережелерін бекіту;

3)  Академияны дамыту стратегиясының анықтау;

4)  Академияның оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметін ұйымдастырудың негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;

5)  Академияның оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржы, шаруашылық, ақпараттық және халықаралық қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру туралы бастықтың, бастықтың орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының жыл сайынғы есептерін тыңдау;

6)  Академияның негізгі іс-шаралар жоспарын қарау және бекіту, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

7)  Академияның профессорлық-оқытушылық құрамының жылдық оқу жүктемесіне қатысты мәселелерді қарау;

8)  кадрларды даярлау бағыттары бойынша Академияның оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларының жобаларын қарау;

9)  Академияның ғылыми зерттеулерінің перспективалық іргелі және қолданбалы бағыттарын анықтау және үйлестіру;

10) Академияның ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық  жұмыстарының жоспарын бекіту;

11) монографияларды, оқулықтарды, оқу құралдарын және т.б. баспаға ұсыну және қарастыру;

12) білім және ғылым саласындағы өкілетті органға ғылыми атақтар беру туралы қолдаухат жіберу;

13) академиялық және құрметті атақтар беру;

14) магистрлік диссертациялар мен магистрлік жобалардың тақырыптарын бекіту, магистранттардың ғылыми жетекшілерін тағайындау; PhD докторанттардың тақырыптарын бекіту және докторлық дисертацияларға ғылыми басшылық жасау үшін кеңесші комиссия тағайындау;

15) докторанттар мен магистранттардың академиялық аттестаттауы өткізу;

16) Академияның қызметкерлерін, шығармашылық ұжымды үкіметтік наградаларға және құрметті атақтарға ұсыну, атақты қайраткерлердің  есімдерін есте сақтау мақсатында Академияның аудиториялары мен  залдарына олардың аттарын беру, сондай-ақ мемориалдық тақталары мен стеллаларын орнату  туралы мәселелерді қарау;

17) алқалық шешімді талап ететін Академия қызметінің өзге де мәселелерін қарастыру.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІМ МАҚАН ЕСБОЛАТОВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ТАРИХЫНАН

  • КОРЗУН ИГОРЬ ВАЛЕРЬЕВИЧ

    Туған күні: 26.10.1966 ж.

    Туған жері: Алматы қ., Қазақ КСР

    Білімі: жоғары (КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі, 1987 жыл)

    Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының докторы

    Ғылыми атағы: профессор

    Диссертация тақырыбы: «Теоретические и прикладные проблемы социально-правового контроля и предупреждения преступности среди женщин (по материалам Республики Казахстан)» (2001 жыл)

    Арнайы атағы: әділет полковнигі

    Сыныптылығы: I-сынып маманы — тәлімгер

    Марапаттаулар: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» Қазақстан Республикасының мерейтойлық медалі

    Ғалым хатшы лауазымында:

    13.01.1998 ж. — 22.06.1999 ж. — Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғары мектебі мен Алматы заң институтының Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы

    20.06.2002 ж. – 10.02.2004 ж. – Қазақстан Республикасы ІІМ академиясының Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы (Алматы қ.)

  • РҮСТЕМОВА ГАУһАР РҮСТЕМБЕКҚЫЗЫ

    Туған күні:  22.07.1956 ж.

    Туған жері: Жамбыл қ., Жамбыл обл., Қазақ КСР

    Білімі: жоғары (Қарағанды мемлекеттік университеті, 1979 жыл)

    Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының докторы

    Ғылыми атағы: профессор

    Диссертация тақырыбы: «Проблемы борьбы с преступлениями в сфере медицинского обслуживания населения» (2003 ж.)

    Арнайы атағы: полиция полковнигі

    Сыныптылығы: I-сынып маманы-тәлімгер

    Марапаттаулар: Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» Қазақстан Республикасының мерейтойлық медалі

    Ғалым хатшы лауазымында:

    10.11.2000 ж. – 27.02.2001 ж. – Қазақстан Республикасы ІІМ академиясының Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы (Алматы қ.)

  • ЖАЛБҰРОВ ЕРКЕМБЕК ТИАНАҚБАЙҰЛЫ

    Туған күні: 01.03.1957 ж.

    Туған жері: Түлкібас кенті, Түлкібас ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР

    Білімі: жоғары (Шымкент педагогикалық институты, 1983 жыл)

    Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының докторы

    Ғылыми атағы: профессор

    Диссертация тақырыбы: «Қазақстан Республикасы (полиция) ІІО-ның әкімшілік құқық қатынастары: теория және тәжірибе мәселелері» (2010 ж.)

    Арнайы атағы: әділет полковнигі

    Сыныптылығы: I-сынып маманы-тәлімгер

    Марапаттаулар: Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдары.

    Ғалым хатшы лауазымында:

    13.03.2001 ж. – 11.03.2002 ж. – Қазақстан Республикасы ІІМ академиясының Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы (Алматы қ.).

  • ШИКТЫБАЕВ ТОҚСАН ТІЛЕУБАЙҰЛЫ

    Туған күні:  03.10.1961 ж.

    Туған жері:   Дружинина ауылы, Шатровский ауданы, Қорған облысы, Ресей КСР

    Білімі: жоғары (КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебі, 1983 жыл)

    Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының докторы

    Ғылыми атағы: профессор

    Диссертация тақырыбы: «Деликтные обязательства по законодательству Республики Казахстан» (2007 ж.)

    Арнайы атағы: полиция полковнигі

    Сыныптылығы: I-сынып маманы-тәлімгер

    Ғалым хатшы лауазымында:

    14.04.2004 ж.–25.01.2007 ж. – Қазақстан Республикасы ІІМ академиясының Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы (Алматы қ.).

  • МОЛДАБАЕВ САРКЫТБЕК САРСЕМБАЕВИЧ

    Туған күні:  23.09.1962 .ж

    Туған жері: Вознесеновка ауылы, Жарма ауданы, Семей облысы, Қазақ КСР

    Білімі: жоғары (КСРО ІІМ Ленинград жоғары әскери-саяси училищесі, 1992 жыл)

    Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының докторы

    Ғылыми атағы: профессор

    Диссертация тақырыбы: «Воинские преступления в Республике Казахстан: современное состояние и механизмы противодействия (криминологический и уголовно-правовой анализ)» (2005 жыл)

    Арнайы атағы: аға әділет кеңесшісі

    Сыныптылығы: I-сынып маманы-тәлімгер

    Марапаттаулар: Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері

    Ғалым хатшы лауазымында:

    01.02.2008 ж. – 25.12.2008 ж. – Қазақстан Республикасы ІІМ академиясының Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы (Алматы қ.)

  • ҚҰЛМҰХАНБЕТОВА БИБІГҮЛ АМАНЖОЛҚЫЗЫ

    Туған күні: 09.06.1970 ж.

    Туған жері: Алматы қ., Қазақ КСР

     Білімі: жоғары (Қазақстан Республикасы МТК Алматы жоғары мектебі, 1996 жыл)

    Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты

    Ғылыми атағы: доцент

    Диссертация тақырыбы: «Имущественные наказания по уголовному праву Республики Казахстан» (2005 жыл).

    Арнайы атағы: аға әділет кеңесшісі

    Сыныптылығы: I-сынып маманы-тәлімгер

    Ғалым хатшы лауазымында:

    31.12.2008 ж. – 04.11.2010  ж. – Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы (Алматы қ.)

  • СҰЛТАНОВА НАЗГҮЛ ЗЕЙНУЛЛАҚЫЗЫ

    Туған күні:  28.01.1974 ж.

    Туған жері: Жұрын ауылы, Мұғалжар ауданы, Ақтөбе облысы, Қазақ КСР

    Білімі: жоғары (Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы заң институты, 1998 жыл)

    Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты

    Диссертация тақырыбы: «Уголовная ответственность за умышленное причинение средней тяжести вреда здоровью» (2001 жыл).

    Арнайы атағы: полиция полковнигі 

    Сыныптылығы: I-сынып маманы-тәлімгер

    Ғалым хатшы лауазымында:

    04.11.2010 ж. – 10.02.2016 ж. – Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы (Алматы қ.)

  • ЕСКЕНДІРОВ АЙДОС ӘБДІРАХМАНҰЛЫ

    Туған күні: 27.07.1978 жыл

    Туған жері: Келлеровка ауылы, Келлер ауданы, Көкшетау облысы, Қазақ КСР

    Білімі: жоғары (Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы, 2000 жыл)

    Ғылыми дәрежесі: заң ғылымдарының кандидаты

    Диссертация тақырыбы: «Проблемы исполнения уголовных наказаний в отношении несовершеннолетних осужденных» (2005 жыл).

    Арнайы атағы: полиция полковнигі 

    Сыныптылығы: I-сынып маманы-тәлімгер

    Ғалым хатшы лауазымында:

    қараша 2021 ж. – қараша айы 2022 ж. – Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов ат.

    Алматы академиясының Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы (Алматы қ.)

    Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов ат.

    Алматы академиясы ІІО басшы құрамын даярлау факультетінің бастығы лауазымында.

  • КЕГЕМБАЕВА ЖАНАР АМАНЖАНҚЫЗЫ

    Туған күні: 28.06.1973 ж.

    Туған жері: Омбы қ., Ресей КСР

    Білімі: жоғары (әл-Фараби ат. ҚазҰУ, 1996 жыл)

    Ғылыми дәрежесі: заң ғылымының докторы

    Ғылым атағы: профессор

    Диссертацияның тақырыбы: Конституционные основы уголовного законодательства Республики Казахстан» (2012 жыл).

    Арнайы атағы: полиция полковнигі

    Сыныптылығы: I-сынып маманы-тәлімгер

    Ғалым хатшы лауазымында:

    17.03.2016 ж. – 13.11.2021 ж.; 17.11.2022 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов ат. Алматы академиясының Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы (Алматы қ.)

Байланыста болыңыз

Біздің ай сайынғы ақпараттық бюллетеньге жазылу арқылы хабардар болыңыз.

Біз жайлы

Көмек

  • Жиі қойылатын сұрақтар

  • Өзекті мәселелер

  • Құпиялық саясаты

© Alpolac. Все права защищены.