КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Кәсіби даярлық факультеті – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының негізгі оқу, ғылыми және әкімшілік құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ол курсанттарды келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқытады: «Құқық қорғау қызметі», «Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл», «ІІО қызметін IT-криминалистикалық қамтамасыз ету (Цифрлық криминалистика)», «ІІО қызметін ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» және «ІІО-да сотқа дейінгі тергеп-тексеру».

Күндізгі оқу факультеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 3 мамырдағы № 302 бұйрығымен дербес бірлік ретінде құрылды. Алайда, факультеттің тарихы жалпы оқу орнының, яғни КСРО ІІМ арнайы орта мектебінен Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясына дейінгі тарихымен тығыз байланысты.

Факультеттің қалыптасқан кезеңінен ІІО практикалық қызметінің талаптарына сай келетін білімі мен дағдылары бар мамандарды кәсіби дайындықтан өткізуде орасан зор тәжірибе жинақтады.

         Болашақ факультеттің оқыту ісі мен дәстүрлерін қалыптастыруға бұрынғы бастықтар – алдымен арнайы орта мектепте, кейіннен Алматы заң институтында, ал қазір Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында ұзақ жылдар қызмет еткен ардагерлер – заң ғылымдарының кандидаты Т.Б. Тоқалов, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Б.А. Салаев, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Т.А. Бапанов, заң ғылымдарының кандидаты Ш.Е. Әмитов, заң ғылымдарының докторы, доцент А.Т. Байсеитова, заң ғылымдарының кандидаты Д.В. Еремеев, филология ғылымдарының кандидаты Қ.М. Тілеубердиев үлкен үлес қосты.

Токалов Т.Б   

Салаев Б.А  

Бапанов Т.А.

Амитов Ш.Е. 

Байсеитова А.Т. 

Еремеев Д.В.

Тилеубердиев К.М.

Бүгінгі таңда факультетті филосфия ғылымының докторы (PhD), полиция полковнигі Галымжан Бауыржанович Чукумов басқарады. Ол академияда 15 жылдан астам түрлі лауазымдарда жұмыс істеп, кафедра оқытушысынан факультет бастығына дейінгі еңбек жолынан өтті. Жұмыс істеген уақытында ол қылмысқа қарсы күрестің өзекті мәселелері бойынша: 1 монография, 4 оқу құралы, 7 әдістемелік ұсыныс және 60-тан астам ғылыми мақала дайындады.

Курсанттардың бейімделуін, академия ұжымына тиесілі болу сезімін, өздігінен адал оқу дағдыларын қалыптастыруды факультет бастығының орынбасары полиция полковнигі Қанат Ахметұлы Мырзабеков ұйымдастырады.

Қанат Ахметович Мырзабеков – полиция полковнигі, тәжірибелі оқытушы және дене шынықтыру саласындағы жоғары білікті маман. Ұзақ уақыт бойы дене шынықтыру кафедрасының бастығы қызметін атқарған, ол: Самбодан спорт шебері, Қазақ күресінен спорт шеберлігіне кандидат, Дзюдодан спорт шеберлігіне кандидат, Самбодан әлем чемпионаттарының көп дүркін жүлдегері, курсанттар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлауда көп жылдық практикалық және жаттықтырушылық тәжірибесі бар, ішкі істер органдары қызметкерлері арасында қызметтік-қолданбалы және ұлттық спорт түрлерін дамытуға белсенді қатысады.

Дене шынықтыру және қолданбалы күрес түрлері бойынша әдістемелік ұсыныстардың авторы болып табылады.

Республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірқатар болашағы бар спортшылар мен курсанттарды тәрбиеледі.

Курсанттарды оқыту мен тәрбиелеудегі алғашқы қадамдар, олардың тұлға болып қалыптасуы Факультеттің оқытушы-әдіскерлерінің (эдвайзерлерінің) тікелей басшылығымен өтеді: полиция подполковнигі Қарлығаш Еркиналиевна Карибекова, полиция подполковнигі Тана Турсыновна Турсынова, полиция майоры Жазира Мусатаевна Турарбекова, полиция капитаны Рустем Мухарамович Хайбулин, полиция капитаны Мадина

Бейлқызы, сондай-ақ полиция аға лейтенанты Батырхан Темірлан.

Бүгінгі таңда факультет жоғары мектептің үздік дәстүрлерін дамыта отырып, бұрынғысынша, ішкі істер органдары бөлімшелері үшін кадрлар даярлайтын негізгі ұстахана болып қала береді. Озық педагогикалық технологиялар, оқу процесін шебер ұйымдастыру, жоғары жарақтандырылуы, ғылыми зерттеулердің заманауи деңгейі және оқытушылар құрамының кәсібилігі мамандар даярлаудың табысты кепілі болып табылады. Оқу процесінің алғашқы қадамдарынан бастап ерекшелігі – практикамен тығыз байланыс, болашақ мамандықтың дағдыларына оқыту. Уақыт сынына лайықты төтеп берген факультет бұрынғыдай академия жетекші болып қала береді, факультетте жұмыс істеу және оқу – үлкен мәртебе.

Мұнда тарихи дәстүрлерді құрметтеп қана қоймай, шығармашылық ізденіс жүргізіледі, теория мен практиканы табысты ұштастырады, әрбір курсант пен қызметкерге мұқият қарайды. Факультеттің курсанттары мен тыңдаушылары академияда көптеген жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізеді. Факультеттің жеке құрамы ғылыми қызметке белсенді қатысады, онда да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізеді.

Факультетте ішкі істер органдары үшін білікті кадрлар даярлау міндеттерін табысты шешуге қабілетті тығыз ұйымшыл ұжым қалыптасқан. Барлық қызметкерлердің жоғары заңгерлік білімі бар, өз ісінің кәсіпқойлары табысты еңбек етуде. Факультет ІІО үшін мамандар даярлау мақсатында үнемі жетілдіріліп, дамытылуда.

Факультеттің басты міндеті – жоғары кәсіби білімнің білім беру-кәсіптік бағдарламаларын іске асыру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде ішкі істер органы қызметкерінің қалыптасуына, дамуына және кәсіби дайындығына бағытталған.

Факультет қызметінің негізгі бағыттары:

 – мамандарды даярлаудың заманауи ғылыми деңгейі, оқудың теориялық және практикалық арақатынасының оңтайлылығы, курсанттар мен тыңдаушылардың белгіленген мерзімде бітірушілердің біліктілік сипаттамаларының талаптары көлемінде таңдаған мамандығы бойынша терең теориялық білімді, практикалық дағдылар мен іскерліктерін қамтамасыз ету;

 – оқу қызметінде оқыту (білім беру) мен курсанттардың өзіндік жұмысының өзара байланысын ұйымдастыру, курсанттардың жеке жұмысы үшін, шығармашылық әлеуетті көрсету және іске асыру үшін қажетті жағдайларды жасау;

 – ғылыми ақпаратты беру мен бекітудің дәстүрлі әдістерін техникалық құралдарды, оқытудың белсенді нысандары мен әдістерін кеңінен қолдануды көздейтін жаңа әдістермен ұтымды үйлестіру негізінде оқыту әдістемесін жетілдіру;

 – оқу процесіне заманауи оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік, дидактикалық материалдарды және автоматтандырылған оқыту жүйелерінің бағдарламалық қамтамасыз етуін, ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін, ақпараттық-кітапханалық жүйелерді енгізу.

Кәсіби даярлық факультетінің құрамына 9 кафедра кіреді:

– Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы;

– Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы;

– Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы;

– Құқық қорғау қызметін басқару кафедрасы;

– Жедел-іздестіру қызметі кафедрасы;

– Киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасы;

– Әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасы;

 – Дене шынықтыру кафедрасы;

 – Әскери және тактикалық-арнайы дайындық кафедрасы.

Факультет кафедралары үлкен практикалық тәжірибесі бар ғылым докторлары, кандидаттары және докторлар (PhD) бар білікті профессорлық-оқытушылық құраммен жасақталған.

Факультет кафедраларында ұзақ жылдар бойы мықты дәстүрлерді қалыптастыра білген дарынды офицерлер мен оқытушылар еңбек етуде. Көптеген қиындықтарға қарамастан, жеке уақыттарымен санаспай, кафедралар мен факультет қызметкерлері талапкерден офицерге дейінгі тұлғаның қалыптасу үдерісін табысты ұйымдастырып келеді. Факультет түлектерінің көпшілігі бүгінде тек Қазақстан Республикасында ғана емес, шетелдерде де қызметтік міндеттерін адал атқарып жүр.

Байланыс ақпараты:
– Тел. 8-727-337-81-71; 337-81-51
– Фейсбук: Факультет Профподготовки Алматинская Академия
– Инстаграм: fakyltet_aa_mvd