Мұражайда ІІО-ның тарихы, Алматы академиясының құрылу тарихы және Академия басшылары мен түлектері, ҰОС ардагерлері және тыл еңбек ардагерлерінің өмірлерімен танысуға болады.
Жалпы айтсақ мұнда сақтаулы тұрған әрбір заттың өзіне тән тарихы мен ерекшелігі, кейінгі ұрпақ үшін өлшеусіз құны бар екені сөзсіз. Білім алушылардың танымдық қабілеттерін оятып, болашақ құқық қорғау қызметкерлері ретіндегі жауапкершілігін арттыруға бағытталған бұл шара олардың санасына серпін береді.
Мұражайдың мақсаты:
– отандық тарихқа қызығушылықты және өткен ұрпақтың адамгершілік құндылықтарына құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал ету;
– курсанттардың коммуникативтік құзыреттіліктерін, зерттеу жұмысының дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
– тарихи ой-өрісін кеңейту ;
– білім алушылардың азаматтық-патриоттық қасиеттерін қалыптастыру;
– тарихи фактілерге жеке қарым-қатынасын қалыптастыру;
– өз елінің өткеніне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу;
– білім беру мекемесінің дәстүрлерін сақтау және қолдау; білім беру процесін қосымша оқыту құралдарымен жетілдіру; танымдық қызығушылықтар мен қабілеттерге тәрбиелеу; білім алушылардың ізденіс, зерттеу қызметінің практикалық дағдыларын меңгеру;
-мұражай материалын мұражайдың белсенді қызметіне тарту арқылы білім алушылардың белсенді әлеуметтік-маңызды қызметке оң көзқарасын қалыптастыру үшін пайдалану.