Магистратура

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Мақан Есболатов атындағы

Алматы академиясы Жоғары оқу орнынан білім беру факультетінің магистратурасына 2024 жылы құжаттарды қабылдау туралы

ХАБАРЛАМА

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің магистратурасына түсу ережесі 2016 жылдың
13 қаңтардағы №24 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі.

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға ішкі істер органдарындағы практикалық жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес ішкі істер органдарының қызметкерлері қабылданады.

Ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу «7М12301 – Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша өтеді және «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі» дәрежесі беріледі. Оқу мерзімі – 2 жыл.

Бейіндік бағыт бойынша магистратураға қажетті іскерлік қабілетке ие және жоғары тұрған лауазымдарға жылжыту үшін резервте тұрған ішкі істер органдары қызметкерлерімен жасақталады.

Бейіндік магистратурада оқыту екі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша өтеді «7М04112 – Жобаларды басқару» және «7М12302 – Құқық қорғау қызметі». Оқуды бітіргеннен кейін «Бизнес және басқару магистрі» және «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі» дәрежелері беріледі. Оқу мерзімі-1 жыл.

Магистратураға қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша өткізіледі. Білім беру күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.

Кадр қызметтері Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясына магистратураға оқуға кандидаттардың мынадай құжаттарын жолдайды: 

Оқуға кандидаттардың келесі құжаттары қажет: 

-кандидаттың жеке ісі (оқуға қабылданғанан кейін);

-кандидаттың оқу ісі, ол:

-оқуға кандидаттың еркін нысандағы баянатынан;

-қызметтің соңғы кезеңі бойынша қызметтік мінездеме және аттестаттау парағынан;

-іріктеу комиссиясының оқуға жіберу туралы хаттамасының көшірмесінен;

-жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесінен;

-шет тілі бойынша тесттерді тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесінен (бар болса);

-кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағынан;

-өлшемі 3х4 сантиметр алты фотосуреттен;

-ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімінен (бар болса) тұрады.

Қабылдау емтихандары:

  1. шет тілдері бойынша қабылдау емтихан (ағылшын, француз, неміс – таңдауы бойынша)

Шет тілдері бойынша түсу емтихандарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайтын шет тілдері бойынша түсу емтихандарын өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.

  • ауызша емтихан (Алматы академиясында) алдынғы білім деңгейінің оқу бағдарламасы көлемінде;

Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтиханға шет тілінен кемінде 30 балл алған үміткерлер жіберіледі.

  • сұхбаттасу.

Қабылдау емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

«7M12303–Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл» (.doc) – скачать

«7M12301, 7M12302 – Құқық қорғау қызметі» (.doc) – скачать